Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi туралы ереженi бекiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiр N 369. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.04.29. N 518 қаулысымен. ~P990518

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жер

ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
     2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер
ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi туралы ереженi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 шiлдедегi N 1135
қаулысының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 301-құжат).

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 21 сәуiрдегi
                                        N 369 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
         Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзудi, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды басқаруды, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын ұтымды пайдалануға және қорғауға мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.

                          I. Жалпы ережелер

      1. Комитет Қазақстан Республикасында жер ресурстарын, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды басқару жөнiндегi мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Комитет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi құзыретiнiң және өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
      3. Комитет өз құрылымына кiретiн облыстық, Ақмола және Алматы қалалық және аудандық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттерiмен, сондай-ақ геодезиялық және жерге орналастыру бейiнiндегi кәсiпорындармен бiрлесiп Қазақстан Республикасында жер ресурстарын басқару жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк жүйенi құрады.
      Облыстардағы, Ақмола және Алматы қалаларындағы, аудандардағы жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттер Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдары болып табылады.
      4. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Комитеттiң аппаратын және оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
      6. Комитеттiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
      7. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының банктерiнде бюджеттiк және ағымдағы шоттары, оқшауланған мүлкi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.

                           II. Басымдықтары

      8. Комитет қызметiнiң негiзгi басымдықты бағыттары:
      жер ресурстарын басқару және қатынастарын реттеу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;
      геодезиялық, астрономиялық-геодезиялық, аэрофотоғарыштық, топографиялық және картографиялық жұмыстарды, стандарттау мен инженерлiк жабдықтауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;
      жер реформасын тереңдету және оны тiкелей орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасау, жерге орналастыруды, мемлекеттiк жер кадастрын және мониторингiн жүргiзу;
      жер рыногы мен жердi пайдалану құқықтары нарығының қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесу;
      топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу;
      мемлекеттiк геодезиялық жүйелердi дамыту және Қазақстан Республикасында геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру;
      суретке түсiрудiң, карталардың барлық түрлерiн, геодезиялық және нивелирлiк деректермен, инженерлiк-геодезиялық және маркшейдерлiк жұмыстармен мемлекеттiк органдардың қажетiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру, олардың орындалу технологиясының сақталуын бақылау және қадағалау;
      жер ресурстарын реттеу, жер ресурстарын басқару, жерге орналастыру, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық, картографиялық және оларға байланысты өзге де жұмыстар мәселелерi бойынша заң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу болып табылады.

                       III. Негiзгi мiндеттерi

      9. Комитет:
      Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу, жердi пайдалану және қорғау, жер реформасын жүргiзу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;
      жер реформасын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды, оны ғылыми, кадрлық және әдiстемелiк қамтамасыз етудi, жерге орналастыру жөнiндегi шараларды әзiрлеудi және оларды iске асыруды;
      мемлекеттiк жер кадастрының жер мониторингiн ұйымдастыруды және жүргiзудi;
      Қазақстан Республикасының жер ресурстарының жай-күйi туралы деректер банкiн құруды;
      жерге және жердi қорғау мен ұтымды пайдалануды экономикалық ынталандыру шараларына ақы белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;
      жер учаскелерiн жеке меншiкке сату немесе мемлекетке жердi пайдалануға беру кезiнде және олардың кепiлi кезiнде нақты жер учаскелерiнiң (жердi пайдалану құқығының) құнын айқындауды;
      Қазақстан Республикасының жерлерiн аймақтандыруды жүргiзудi;
      жер учаскелерiнiң бөлiнуiн және бөлiнбеуiн айқындауды;
      пайдаланылмаған және заңдарды бұза отырып пайдаланылған жерлердi анықтауды;
      жерлердi тиiмдi пайдалану және қорғау бөлiгiнде республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларды, схемаларды және жобаларды сараптауды;
      жер реформасын жүргiзу мақсатында республикалық маңызы бар

ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық, жобалау-iздестiру
жұмыстарының тапсырысшысы функцияларын;
     өндiрiстiк бөлiмшелердiң күшiмен жерге орналастыру жөнiндегi
жұмыстарды, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық,
инженерлiк-геодезиялық, маркшейдерлiк, картографиялық, топырақтану,
агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және iздестiру
жұмыстарын;
     жер учаскелерiне меншiк құқығына арналған жердi тұрақты
пайдалану құқығына актiлер дайындауды және берудi;
     жерлердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасауды;
     әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң шекараларын техникалық
ресiмдеудi қамтамасыз етедi.

                          IV. Функциялары

     10. Комитет осы Ережеде белгiленген мiндеттердi жүзеге асыру
үшiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:


      жер заңдарының қолданылу тәжiрибесiн қорытады, белгiленген тәртiппен оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      өнеркәсiптiк және өзге де мақсаттағы объектiлердi орналастыру, салу, қайта жаңарту, кеңейту, консервациялау немесе жою кезiнде, оның iшiнде шаруашылық iшiнде құрылыс салу, геологиялық барлау, iздестiру және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде жер заңдарын бұзушылықты жоюға шаралар қабылдайды;
        қолда бар жерлер мен олардың санаттары, пайдаланылатындары, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлiнуi туралы, жерлердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылау жасау туралы, бүлiнген жерлердi қалпына келтiру, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептi жасайды;
      мемлекеттiк республикалық картографиялық-геодезиялық қорды жүргiзедi және оны ұдайы толықтырып отырады;
      республика аумақтарындағы жер ресурстарының геоақпараттық жүйелерi мен Мемлекеттiк республикалық картографиялық-геодезиялық қорын және картографиялық қорын жасайды;
      оларды жоспарлы түрде тұрақты жаңартып отыру жолымен геодезиялық жүйелер мен карталарды қазiргi заманғы жай-күйiнде ұстап тұрады;
      топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi және ведомстволық тиесiлiлiгi мен меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарда бұл материалдардың есепке алынуына, көбейтiлуiне және сақталуына бақылау жасауды ұйымдастырады;
      белгiленген тәртiппен басқа ұйымдарға және азаматтарға геодезиялық және топографиялық ақпараттарды беруi мен басқа да көрсеткен қызметтерi үшiн ақы төлеудiң мөлшерiн әзiрлейдi және тиiстi мемлекеттiк органдардың бекiтуiне енгiзедi;
      белгiленген тәртiппен халықаралық ұйымдарда геодезия және картография мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн бiлдiредi, басқа елдердiң геодезиялық қызметтерiмен қарым-қатынас ұстайды.
      11. Комитет белгiленген тәртiппен:
      мемлекеттiк топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарға басшылықты;
      Қазақстан Республикасының барлық аумағында геодезиялық және нивелирлiк жұмыстарды бiрыңғай координаттар мен биiктiктер жүйесiнде жүргiзудi ұйымдастыруды;
      аэрофотосуретке түсiру жұмыстарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Қорғаныс министрлiгiмен келiсудi;
      жерлердi пайдалану мен қорғау саласында және өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шетелдiк мемлекеттiк органдармен, ғылыми ұйымдармен және фирмалармен сыртқы экономикалық байланыстарды және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты;
      меншiк нысандарына қарамастан түрлi ұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында жасаған топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауды, сондай-ақ топографиялық және картографиялық өнiмдердi сатуды және оларды атқарушылардың қаржыландыру көзiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ол жұмыстардың мемлекеттiк есебiн жүргiзудi;
      ұйымдардың өздерi орындайтын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың технологиясы мен сапасын сақтауына мемлекеттiк бақылау жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және халықтың түрлi нысандардағы ғарыштан қашықтықты байқау материалдарын қоса алғанда, картографиялық, фотосуреттiк және сандық ақпаратқа деген қажетiн қамтамасыз етедi;
      белгiленген тәртiппен шығарылатын карталарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының, шельф шекараларының, сондай-ақ облыстар мен аудандардың, басқа да саяси-әкiмшiлiк және географиялық элементтердiң шекараларының графикалық дұрыс сызылуын қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын белгiлеуге, картаға түсiруге және демаркациялауға қатысады;
      Қазақстан Республикасымен ортақ мемлекеттiк шекарасы бар мемлекеттермен екiжақты шарттар жасасу кезiнде шекара аумақтарында геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзудi үйлестiру бөлiгiнде қатысады.
      12. Комитет республикалық мемлекеттiк мекемелердi мемлекеттiк басқару органы болып табылады және заңдарға сәйкес оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырады.

                             V. Құқықтары

      13. Комитеттiң:
      белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер учаскелерi иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жерлердi пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша қажеттi ақпараттар сұратуға және алуға;
      қолданылып жүрген заңдарда көзделген негiздер бойынша жердi пайдалану құқығын тоқтату туралы, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын тоқтата тұру, айрықша қорғалатын табиғи аумақтар құру, жерлердi игеру мен жақсарту және тиiстi жобаларсыз немесе олардан ауытқу арқылы жүзеге асырылатын аумақтарды ұйымдастыруға байланысты басқа да шаралар туралы атқарушы органдардың қарауына ұсыныстар енгiзуге;
      белгiленген тәртiппен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн жер қатынастарын реттеу, жерге орналастыруды жүргiзу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiн тоқтату туралы ұсыныс жасауға;
      сотта талапкер және жауапкер болуға;
      топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды толық тоқтатуға дейiн осы Ережеде белгiленген ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.

                 VI. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтер босататын Төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      15. Төраға Комитеттiң жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады және жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларының орындауы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
      Комитеттiң төрағасы осы мақсатта:
      өз орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
      Комитеттiң қызметкерлерiн, өз құзыретiнiң шегiнде Комитетке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      тәртiптiк жаза қолданады;
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
      құрылымдық бөлiмшелер мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi, Комитетке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
      16. Комитеттiң құзыретiне жататын ғылыми-техникалық мәселелердi қарау үшiн Ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже мен оның құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
      17. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының жер ресурстарын

басқару комитеттерiнiң төрағаларын облыстардың, Ақмола және Алматы
қалалары әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша Комитеттiң төрағасы қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады.
     18. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық комитеттердiң
төрағаларын облыстық жер ресурстар басқару жөнiндегi комитеттер
төрағаларының ұсынуы және аудан әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша
Комитеттiң төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
     19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату заңдарда
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 21 сәуiрдегi
                                        N 369 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

             Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
           министрлiгi Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
                            комитетiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Жер реформасы, жерге орналастыру және жобаларды сараптау бөлiмi
     Жерлердi пайдалануға және қорғауға бақылау жасау, геодезиялық
     қадағалау және режим жөнiндегi мемлекеттiк инспекция
     Жер ресурстарын, жер кадастры және жер мониторингi бөлiмi
     Геодезия және картография бөлiмi
     Қаржы және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады