Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетін құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 22 сәуір N 382. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.25. N 637 қаулысымен. ~P990637

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын іске асыру мәселелері туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері туралы" 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 P971608_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті таратылып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитеті құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитеті туралы ереже;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитеті аппаратының құрылымы;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің аппараты қызметкерлерінің шекті саны 50 адам болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі 1998 жылдың 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша адам санымен, қаржыландыру, материалдық-техникалық базасымен:
      Іле-Балқаш және Зайсан-Ертіс балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқарманы, Орал-Каспий облысаралық балық қорын қорғау және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі бассейндік басқарманы;
      облыстық өсімдік, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын қорғау, ұдайы өндіру және пайдалануды мемлекеттік бақылау инспекцияларын заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің қарауына берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетіне Ақмола қаласынан қызметтік үй-жай беру туралы мәселені шешсін.
      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған өзгерістер бекітілсін.
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі екі ай мерзімде осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы ұсынысты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      8. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде Орман және аң шаруашылығы комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 61 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 1,11-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 шілдедегі N 1072 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 31, 280-құжат) күштері жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
    Премьер-Министрі 


                                           Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 382 қаулысымен бекітілген


          Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

     министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы
         комитеті (орманбалықаңкомы) туралы

                       ЕРЕЖЕ
     
                      Миссиясы
     
     Өсімдік (ормандарды қоса) пен жануарлар дүниесін сақтау, ұлғайту, 
ұтымды және сарықпай пайдалануды қамтамасыз ету.

                 I. Жалпы ережелер
     


      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) министрліктің құзыретінің шегінде республиканың орман қорына, орман, балық және аң шаруашылығына, өз қарауындағы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына, мемлекеттік басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ормандардың, жануарлар дүниесінің жай-күйі, ұдайы өндірілуі, күзетілуі, қорғалуы мен пайдалануы үшін мемлекеттік бақылауды дербес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органы болып табылады.
      Комитет пен оның жергілікті жерлердегі органдары өздерінің өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
      Комитет пен оның жергілікті жерлердегі органдарының өз құзыретінің шегінде қабылдаған шешімдері заңды және тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
      Комитет жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдардың ормандарды, жануарлар дүниесін күзету, қорғау және ұдайы өндіру, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұстау мен дамыту жөніндегі қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының, заңдарға қайшы келмейтін өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
      Комитеттің аппаратын және оның жергілікті жерлердегі органдарын ұстау республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігін ұстауға көзделген қаржының есебінен жүзеге асырылады.
      Комитет белгіленген тәртіппен өзіне берілген мүлікті иелену,

пайдалану және билік ету құқығын, сондай-ақ өзіне ведомстволық бағыныстағы 
ұйымдарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын 
жүзеге асырады.
     Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде бюджеттік және ағымдағы 
шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және 
өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі бар.
     
                   II. Басымдықтары
     
     Комитет қызметінің негізгі басымдықты бағыттары:
     қоршаған ортаның тұрақтылығын жақсарту және сақтау мақсатында 
республиканың ормандылығын арттыру;
     өсімдік, жануарлар дүниесінің, үлгілік, бірегей және сирек 
ландшафттардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау;
     ормандардың, балық және аңшылық ресурстарының өнімділігін ұлғайту;
     ормандарды, балық және аңшылық ресурстарын, өсімдік және жануарлар 
дүниесінің өзге де ресурстарын ұтымды және сарықпай пайдалануды 
мемлекеттік реттеу және қамтамасыз ету болып табылады.

                  III. Негізгі міндеттері
     
     Комитет:


      орман, балық және аң шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамытудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды;
      орман өндірісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуді, сондай-ақ республиканың аң шаруашылығында, балық аулау және балық өсіру, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерінде мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды;
      орман, балық және аңшылық пен өсімдік және жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын күзету, қорғау, ұдайы өндіру, ұтымды және сарықпай пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды;
      ормандардың, балық және аңшылық пен өсімдік және жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарының ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жай-күйі, ұдайы өндірілуі, күзетілуі, қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жасауды;
      орман қоры мен аңшылық жануарларының мемлекеттік есебін, ормандық экологиялық жүйелер мен жануарлар дүниесінің мониторингін жүргізуді;
      орман пайдалану нормативтерін дайындауды, балық және аң аулау - пайдалану нормативтерін әзірлеуді және бекітуді, шаруашылық қызметтің осы салаларында мемлекеттік рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруды;
      ормандарды өрттен, ағашты заңсыз кесуден және басқа да орман заңдарын бұзушылықтан күзетуді, оларды зиянкестерден және аурулардан қорғауды, браконьерлікпен күресті;
      ормандарды ұдайы өндіру мен орман өсіруді;
      орман, балық және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын нормативтік-әдістемелік, ғылыми және жобалық қамтамасыз етеді.

                     IV. Функциялары

      Комитет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
      ормандар мен жануарлар дүниесін шаруашылықтық пайдалану режимін белгілеу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
      орман қоры мен аңшылық жануарларының мемлекеттік есебін мемлекеттік орман кадастры мен аң аулау объектілеріне жатқызылған жануарлар кадастрларын, орман үшін зиянды және пайдалы жәндіктердің есебін жүргізуді, орман және аңшылықты орналастыруды, орман және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұйымдастыру мен дамыту жобаларын әзірлеуді жүзеге асыруды ұйымдастырады;
      орман ресурстарын пайдалану мөлшерін белгіленген тәртіппен бекітеді, рұқсат береді және пайдалануға беруді қамтамасыз етеді, өсіп тұрған сүректі босатуға арналған таксалар бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      ормандарды су-қорғау, дала және топырақ қорғау, санитарлық және басқа да табиғат қорғау функцияларын, олардың өнімділігі мен сапалық құрамын арттыруды күшейту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
      мемлекеттік орман және қорықтық күзетті, сондай-ақ балық ресурстарын қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияларды басқарады, ормандарды өрттен авиациялық және жер үстіндегі күзетуді, орман тәртібін бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуді, орман патологиялық қадағалау мен зиянкестер мен аурулар ошағының есебін жүргізуді, орманды қорғау жөнінде сауықтыру және өзге де шараларды ұйымдастырады;
      орман ресурстарын ұдайы өндіру, қорғаныштық орман екпелерін құру, құмды жерлерді, эрозияға ұшыраған жерлерді және жайылымдық алаптарды ормандандыру, сондай-ақ ағаш тұқымын және орман питомнигі, ағаш селекциялық істері жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      сүректі, қосымша орман материалдарын дайындау мен ұқсатуды, қосалқы және өзге де орман пайдалануды, көмекші селолық шаруашылықтарды дамытуды ұйымдастырады;
      балық және аңшылық ресурстарын күзетуді, ұдайы өндіруді және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ шетелдік аңшылық пен балық аулаушылық туризмді қоса алғанда кәсіпшілік спорттық-әуесқойлық аң аулау мен балық аулауды қамтамасыз етеді;
      балық және аңшылық ресурстарын пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар, аңшылық шаруашылықты жүргізу, балық және басқа да су жануарларын кәсіптік аулау, оларға аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар әзірлейді және енгізеді, сондай-ақ балық және аңшылық ресурстарын пайдалануға рұқсат береді және шарттар жасасады;
      жеке тұлғаларға - аңшылықты пайдаланушыларға бірыңғай үлгідегі аң аулау құқығына арналған аңшылық билеттерін беруді ұйымдастырады және олардың есебін жүргізеді;
      ғылыми ұсыныстарды ескере отырып су айдындарында балықты көбейту, балықтың жаңа түрлерін жерсіндіру, мелиоративтік-техникалық және басқа шараларды жүргізу жөніндегі жұмыс кешенін ұйымдастырады;
      балық аулауды және балық-су-ұдайы өндіру қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
      өзінің қарауындағы мемлекеттік табиғат қорықтарының, мемлекеттік табиғат қорықтарының, мемлекеттік ұлттық табиғат парктерінің, мемлекеттік заказниктердің және өзге де ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мен объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, олардың желісін дамыту туралы ұсыныстар әзірлейді;
      ормандарды, балық, аңшылық және өзге де биологиялық ресурстарды күзету, қорғау, ұдайы өндіру мен пайдалануды мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық органдардың жұмысын жүзеге асырады және ұйымдастырады;
      өз қызметінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және енгізеді;
      орман, балық және аңшылық шаруашылықтарының аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды белгіленген тәртіппен қаржыландырады;
      орман, халықтың өсімдік және жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауы туралы білімдерді насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      өз құзыретінің шегінде сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асырады, Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын сақтау және пайдалану мәселелері бойынша Каспий маңы мемлекеттерінің балық шаруашылығын басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

             V. Комитеттің құқықтары және жауапкершілігі

      Комитеттің өз құзыреті шегінде:
      орындау үшін міндетті шешімдер қабылдауға және нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
      Комитетке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін статистика органдарынан, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан заңда белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты алуға;
      заңда белгіленген жағдайларда және тәртіпте лицензиялауды жүзеге асыруға;
      саланың мемлекеттік ұйымдарына қатысты уәкілетті орган ретінде әрекет жасауға, олардың жарғылары мен ережелерін бекітуге;
      оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыруға;
      белгіленген тәртіппен ормандар, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы заңдарды бұзушыларды жауапқа тарту жөніндегі жұмысты жүргізуге, оларға Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңын бұзып мемлекетке келтірген зиянның орнын толтыруға мемлекеттің кірісіне қаражат өндіріп алу туралы талап-арыз қоюға;
      ормандар, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы заңдардың талаптарын бұзған жағдайларда құрылысты салуды, қайта жаңартуды, объектілерді пайдалануға беруді және өзге де шаруашылық қызметін шектеуге, тоқтата тұруға немесе тыйым салуға;
      орман шаруашылығында аяқталған объектілерге, дайын өнім мен қызметке көтерме есеп айырысу бағаларын бекітуге;
      орманды пайдалануға, аң аулау объектілеріне жататын жануарларды аулап алуға, балық пен су жануарларын аулауға өзге де өсімдік және жануарлар ресурстарын пайдалануға арналған рұқсат беруге;
      аңшылық қару мен оқ-дәрі әкелуге-әкетуге рұқсаттар беру туралы ұсыныстарды ішкі істер органдарына енгізуге;
      орман, балық, аңшылық және өзге де биологиялық ресурстардың ұтымды пайдаланылуы, ұдайы өндірілуі, күзетілуі мен қорғалуына, балықтың жаңа түрлерін жерсіндіруге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
      бағдарламаларды, жобаларды, нормативтік құқықтық актілер мен өзге де мәселелерді әзірлеу үшін ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды тартуға, конференциялар, кеңестер семинарлар шақыруға және өткізуге;
      бірлескен халықаралық бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға, белгіленген тәртіппен қызметі ұқсас шетелдік органдармен және халықаралық ұйымдармен шарттар, келісімдер жасауға, өз құзыреті шегінде халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
      өз қызметінің мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, тәжірибе- конструкторлық, жобалау-іздестіру және өндірістік жұмыстардың мемлекеттік тапсырысшысы болуға;
      өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті иеленуді, пайдалануды, және оған билік етуді жүзеге асыруға;
      өзі қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық материалдар шығаруға құқығы бар.

            VI. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      Комитет пен оның аумақтық органдары орман, балық және аң шаруашылығының облыстық басқармалары, өзге де ұйымдар Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің бірыңғай жүйесін құрайды.
      Комитеті Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
      Комитеттің орман шаруашылығы мәселелерімен шұғылданатын құрылымдық бөлімшесінің басшысы, лауазымы бойынша, Қазақстан Республикасының Бас орманшысы болып табылады.
      Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауар береді.
      Комитет төрағасы:;
      өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен жауапкершілігі дәрежесін белгілейді;
      Комитет қызметкерлерін, облыстық басқармалардың бастықтарын, мемлекеттік табиғат қорықтары мен мемлекеттік ұлттық табиғат парктерінің, саланың басқа да ұйымдарының бірінші басшыларын, сондай-ақ олардың басшыларының орынбасарларын, бас бухгалтерлерді, мемлекеттік табиғат қорықтарының күзет бөлімдері бастықтарының, орман және орман аңшылығы шаруашылықтарының директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      тәртіптік шаралар қолданады;
      белгіленген адам саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде Комитет аппаратының штат кестесін, сондай-ақ комитеттің қарауындағы аумақтық органдар мен ұйымдардың құрылымын, ережелері мен жарғыларын, комитеттің қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
      комитетке ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдар мен ұйымдардың басшыларымен жалға алу жөнінде келісім-шартқа қол қояды;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Комитетті білдіреді;
      өз құзыреті шегінде бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады және орындалуы міндетті нұсқаулар береді;
      Комитет қажет жағдайларда басқа мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады.
      Орман, балық және аң шарушылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары саласындағы проблемалық мәселелерді қарау мақсатында Комитетте ғылыми- техникалық кеңес, комиссиялар мен жұмыс топтары құрылады. Олар туралы ережелер және олардың дербес құрамын Комитет төрағасы бекітеді.
      Комитет жүйесіндегі мемлекеттік орман күзеті, балық, аңшылық шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының инспекторлық қызметінің қызметкерлері, белгіленген тәртіппен айырым белгісі бар нысанды киім-кешекпен және бірыңғай үлгідегі қызмет куәлігімен, сондай-ақ қызметтік-штаттық қарумен қамтамасыз етіледі.
                                           Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 382 қаулысымен бекітілген


             Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

        министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы
                  комитетінің құрылымы
     
     
     Орманды тұрақты дамыту, өсімдіктер дүниесін қорғау, ұдайы өндіру және 
ұтымды пайдалану басқармасы
     
     Балық қорын қорғау, ұдайы өндіру және ұтымды пайдалану басқармасы
     
     Аңшылық ресурсын қорғау, ұдайы өндіру және ұтымды пайдалану бөлімі
     
     Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары және табиғи-қорықтық қор 
объектілері бөлімі
     
     Өсімдік, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын 
қорғауды, ұдайы өндіру мен пайдалануды мемлекеттік бақылау бөлімі
     
     Экономика және қаржы бөлімі
     
     Ұйымдастыру, кадр және құқықтық жұмыс бөлімі
     


                                           Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 382 қаулысымен бекітілген


          Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы

           министрлігінің орман, балық және аң
          шаруашылығы комитеті қарамағындағы
                     ұйымдардың
     
                       ТІЗБЕСІ
     Зайсан-Ертіс балық қорын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі 
бассейндік басқармасы
     Іле-Балқаш балық қорын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі 
бассейндік басқармасы
     Жайық-Каспий облысаралық балық қорын қорғау және оларды ұтымды 
пайдалану жөніндегі басқарма
     Облыстық өсімдік, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғат 
аумақтарын қорғау, ұдайы өндіру және пайдаланудың мемлекеттік бақылау 
инспекциялары
     "Охотзоопром" өндірістік бірлестігі (мемаңөнеркәсіпшаруашылықтары 
жүйесімен)
     Алматы мемлекеттік табиғат қорығы
     Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғат қорығы
     Барсакелмес мемлекеттік табиғат қорығы
     Батыс Алтай мемлекеттік қорығы
     Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығы
     Марқакөл мемлекеттік табиғат қорығы
     Наурызым мемлекеттік табиғат қорығы
     Үстірт мемлекеттік табиғат қорығы
     Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
     "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
     Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
     "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
     "Қарқаралы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi"
<*>

     "Қызыл жиде" республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі


      Орман шаруашылықтары, орман - аңшылық және аңшылық шаруашылықтары,

орман мелиорациялық станциялары, орман-жеміс питомниктері, орман қорғау 
станциялары
"Лавар" оқу-өндірістік селекциялық кәсіпорны 
Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы
Жоғары Тобыл балық питомнигі
Жезқазған балық питомнигі
Зеренді балық питомнигі
Қамысты-Бас балық питомнигі
Қарағанды балық питомнигі
Қашыр балық питомнигі
Майбалық балық питомнигі
Петропавл балық питомнигі
Шардара балық питомнигі
Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы
Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы
Шідерті уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы
Қазақ орман орналастыру кәсіпорны
     Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-
іздестіру институты
     Қазақ орман шаруашылығының басшы қызметкерлері мен мамандарының 
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау институты
     Қазақ республикалық ағаш тұқымы станциясы (аймақтық станциялар 
жүйесімен)
     Қазақ орманды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету авиация 
базасы
     Республикалық орман селекциялық орталығы
     Алматы орман селекциялық орталығы
     
     Ескерту. Тiзбе толықтырылды - ҚРY-нiң 1998.12.01. N 1212 қаулысымен.
               

P981212_

 
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің 1998 жылғы 
                                               22 сәуірдегі
                                              N 382 қаулысымен
                                                 бекітілген
     
            Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
                         енгізілетін өзгерістер
     


      1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын іске асыру туралы мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

     "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және 
аңшылық шаруашылығы комитеті" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық 
және аң шаруашылығы комитеті";
     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
     "Экология және табиғи ресурстармині" деген жолдағы "116" деген сан "
105" деген санмен ауыстырылсын;
     "Ауылшармині" деген жолдағы "210" деген сан "221" деген санмен 
ауыстырылсын.
     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшін жойды - ҚРҮ-нің 1999.03.05. N 206
              қаулысымен.  

P990206_

  
     3-4. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-4-тармақтар күшін жойды - ҚРҮ-нің 1999.03.31. N 347
              қаулысымен.  

P990347_

  
     
     
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады