Байланыс формасы

Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, дәрменсiз кәсiпорындардың банкроттығын, оларды таратудың алдын алу жөнiндегi қызметтi жандандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 сәуiрдегi N 394. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен.

      Төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн қаржы-экономикалық сауықтыру, санациялау және оңалту процестерiн жандандыру, сондай-ақ мұндай кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерiн қайта ұйымдастыру мен тарату мәселелерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Агенттiк): 
      Агенттiкке берiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн қаржылық сауықтыру не тарату жөнiндегi шараларды жүзеге асыру кезеңiнде директивалық несиелер, бюджеттiк қарыздар және мемлекеттiң алдындағы берешектiң басқа да түрлерi бойынша несие берушi ретiндегi мемлекеттiң атынан бiрден-бiр уәкiлеттi өкiл болып табылады; 
      Агенттiкке берiлген төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк кәсiпорындар мен жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi 50 проценттен астамды құрайтын мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiнiң өз қаржы ресурстарының, сондай-ақ көрсетiлген заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруды және санациялауды жүзеге асыруға Агенттiк бөлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады деп белгiленсiн. 
      2. Агенттiкке мынадай функциялар: 
      қызмет көрсетуге агенттiкке берiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн қайта ұйымдастырудың және санациялаудың кешендi жоспарларын бекiту; 
      Агенттiкке берiлген мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жөнiнде ұсыныс енгiзу; 
      Агенттiкке берiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн несиелендiру және қаржыландыру; 
      Агенттiк бөлген қаражатты мақсатты пайдалану саласында тәртiп бұзушылық анықталған жағдайда мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiнiң басшылығын ауыстыру туралы ұсыныс енгiзу құқығымен, Агенттiкке берiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн қаржылық сауықтыруға бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына ұдайы қаржылық бақылау жасауды жүзеге асыру жүктелсiн. 
      3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiне төлем-есеп айырысу қызметiн көрсетудi Агенттiк пен банктiң арасында жасалған агенттiк келiсiмнiң негiзiнде екiншi деңгейдегi банктер жүзеге асырады; 
      төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша Агенттiкке берiледi; 
      төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен және акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiмен Агенттiкке берiледi деп белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Агенттiкке банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру ұсынылсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр айлық мерзiм iшiнде Агенттiктi, оған осы қаулымен жүктелген функцияларды орындауы үшiн, қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi департаментi Алматы қаласы, Мәуленов көшесi, 92 мекен-жайы бойынша орналасқан, Агенттiктiң балансындағы үйдi Агенттiктiң жарғылық капиталына кiргiзсiн. 
      7.<*>
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.06.18. N 558
  қаулысымен
      8. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 наурыздағы N  359 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10,  22-құжат) 2,3 және 4-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын. 
      9. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады