"Түстi металл бұйымдары зауыты" мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 14 мамырдағы N 437

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Z952155_ , сондай-ақ "Түстi металл бұйымдары зауыты" мемлекеттiк кәсiпорны жүзеге асыратын қызметтi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Түстi металл бұйымдары зауыты" мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру және оның негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан монет сарайы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi "Түстi металл бұйымдары зауыты" мемлекеттiк кәсiпорнының және "Үлбi металлургия зауыты" ашық акционерлiк қоғамының балансындағы Кәсiпорынның жарғылық қорын қалыптастыруға қажеттi мүлiктi және аяқталмаған құрылыс көлемiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлген тiзбе бойынша, заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық

 

Банкiне берсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Кәсiпорынды

заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын

және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесiне тиiстi толықтыру енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

      бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады