Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 маусымдағы N 570 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 сәуiрдегi N 396 P980396_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Аталған қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне:
      мынадай мазмұндағы бөлiммен және 471-реттiк нөмiрлi жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетi

      471 "ҚазАлкоОрталық" республикалық
          мемлекеттiк кәсiпорны
          (шаруашылық жүргiзу құқығында)           Алматы қаласы"

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады