Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 3 шiлде N 634. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.11. N 45 қаулысымен. ~P000045

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 K973655_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Комитеттiң аппаратын және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Тауарлардың шығу тегi туралы сертификатты беру және куәландыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 маусымдағы N 889 қаулысына P950889_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 22, 257-құжат):
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi". 3) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 875 қаулысына P970875_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 21, 189-құжат): 1-тармақтың күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 шiлдедегi N 634 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (Мемстандарт) туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы
      Қоршаған ортаның, тауарлардың, процестер мен қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету, ғылымның, өнеркәсiптiң және ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
 
                          1. Жалпы ережелер
 
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы заң актiлерiне сәйкес арнай атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын дербес жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      Комитет Қазақстан Республикасында стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, осы саладағы салааралық үйлестiру мен басшылықты жүзеге асырады, стандарттауды, метрологияны және сертификаттауды жетiлдiрудiң бiрыңғай ғылыми-техникалық саясаты мен бағдарламаларын iске асырады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитеттiң аппараты мен оның: стандарттардың, техникалық шарттардың, метрологиялық ережелердiң сақталуын және өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiн (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi, банкте шоттары, тексеру, сертификаттау жұмыстарын, өлшем құралдарының сериялық шығарылымын тiркеу мен куәландыруға және басқа да мақсаттарға арналған арнайы белгiсi мен мөртабаны болады. II. Басымдықтары 5. Комитеттiң негiзгi басымдықты бағыттары: 1) салауатты өмiр салты; 2) жоғары сапалы тамақтану және таза су; 3) қолайлы және қауiпсiз қоршаған орта; 4) бiлiм мен ғылымның халықаралық деңгейi; 5) табиғи ресурстарды тепе-теңдiкте пайдалану;
      6) энергетиканың, өнеркәсiптiң және ауыл шаруашылығының бәсекеге қабiлеттi өнiмдерi стандарттарын әзiрлеу, енгiзу және олардың сақталуына бақылау жасау болып табылады.
 
                  III. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi
 
      6. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметiн үйлестiру; 3) ғылым мен техника жетiстiктерiнiң негiзiнде мемлекеттiк стандарттар қорын қалыптастыру, мемлекеттiк стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру; 4) өлшем құралдары паркiн жаңарту және эталондық базаны кеңейту; 5) Қазақстан Республикасының негiзге алынатын мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу; 6) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiлiктi кадрлар даярлау. IV. Комитеттiң функциялары 7. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, басқа заңды, сондай-ақ жеке тұлғалармен стандарттау мен сертификаттаудың халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн, өлшемдердiң бiртұтастығын, техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеу мен кодтауды, өнiмдi штрихтық кодтау мен каталогтандыруды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      2) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық талаптарға сәйкес бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырады;
      3) халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, стандарттаудың мемлекеттiк жүйесiн, өнiмдер мен қызмет көрсетулердi өлшеу мен сертификаттаудың бiртұтастығын жетiлдiредi және дамытады;
      4) физикалық шамалар бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi және қолдайды;
      5) Қазақстан Республикасының негiзге алынатын мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын тиiстi халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық стандарттармен үйлестiредi;
      6) заңды және жеке тұлғалардың өлшем құралдарын шығару, тексеру, жөндеу, сату, және жалға беру, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бейнелейтiн конституциялық айқындалған материалдық-бейнелеу нысандарын шығару жөнiндегi қызметiн лицензиялайды және олардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;
      7) стандарттау, метрология, сертификаттау, сапа жүйесi, мемлекеттiк қадағалау және инспекциялық бақылау саласында мамандарды даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады;
      8) саудадағы техникалық кедергiлердi жою мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi басқа да нормативтiк актiлерiн әзiрлеудi, қайта қарауды ұйымдастырады, сондай-ақ сараптауды, бекiтудi және тiркеудi жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық және басқа елдердiң ұлттық стандарттарының мемлекеттiк қорын қалыптастырады және жүргiзедi.
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсынымдарын басып шығаруды, қайта басып шығаруды және таратуды жүзеге асырады;
      12) орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға, басқа да ұйымдарға өнiмдерге және шығарылатын өлшем құралдарына арналған, тiркелген нормативтiк актiлер туралы, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтiк актiлер талаптарының өзгерiстерi туралы хабарлайды;
      13) халықаралық ұйымдарға мүше елдерге Қазақстанның пiкiрi бойынша сауда қатынастарында техникалық кедергiлер келтiруi мүмкiн әзiрленiп жатқан жобалар мен қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға түсiндiрмелер (пiкiрлер) жолдайды;
      14) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сапасына, стандарттар мен техникалық шарттардың, метрологиялық ережелердiң сақталуына, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуына мемлекеттiк қадағалауды, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне инспекциялық бақылауды жүзеге асырады;
      15) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) және сапа жүйесiн сертификаттау, шыққан елiн анықтау бойынша сертификаттау, сертификаттау жөнiндегi органдары, сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредитациялау мен тiркеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi;
      16) ұйымдарға, оның iшiнде халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдарға сертификаттау жөнiндегi аккредитацияланған органдар, сынақ зертханалары (орталықтары), сертификатталатын өнiмдер және сертификатталған сапа жүйелерi туралы хабарлайды;
      17) қолдануға рұқсат етiлген өлшем құралдарын, стандарттық үлгiлердi, тiркелген тексеру зертханалары мен метрологиялық қызметтердiң, аккредитацияланған сынақ зертханалары (орталықтары) мен сертификаттау жөнiндегi органдардың, сарапшы-аудиторлардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
      18) метрологиялық қызметтердiң, заттар мен материалдардың стандарттық үлгiлерi қызметтерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады;
      19) Қазақстан Республикасында шығарылған және импортталған өлшем құралдарына мемлекеттiк сынақтар, өлшем құралдары мен өлшем жүйелерiне мемлекеттiк тексерудi және оларды метрологиялық аттестаттауды жүргiзедi;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
 
              V. Комитеттiң құқықтары мен жауапкершiлiгi
 
      8. Комитеттiң өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруы және мiндеттердi орындауы кезiнде:
      1) стандарттау, метрология және сертификаттау, мемлекеттiк қадағалау, лицензиялау және инспекциялық бақылау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен әдiстемелiк құжаттардың жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
      2) халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттау, сертификаттау және өлшемдер бiртұтастығы жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да ұйымдарға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға қатысуға;
      3) өз құзыретiнiң шегiнде шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шет елдiң заңды тұлғаларымен стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге қол қоюға;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және шешiмдер қабылдауға, заңдарда белгiленген тәртiппен стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      5) Комитетке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғаларға белгiленген тәртiппен баруға;
      6) стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың, метрологиялық ережелер мен сертификаттау жөнiндегi ережелердiң бұзылуы фактiлерi анықталған кезде заңдарда белгiленген шаралар қолдануға;
      7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатуға және тұтынуға жарамсыз деп таныған жағдайларда өнiмдер мен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жою туралы немесе одан әрi қайта өңдеу туралы шешiмдер қабылдауға;
      8) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарының мамандары, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрлесiп жұмыс iстеуге тартуға;
      9) өнiмге, сапа, өндiрiс жүйелерiне, сертификаттар беруге және өлшем құралдарының үлгiлерiн бекiтуге;
      10) тауардың шыққан елiн айқындау жөнiнде сертификаттар беруге;
      11) сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ зертханаларына (орталықтарына) белгiленген үлгiдегi аккредитация аттестаттарын беруге;
      12) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген номенклатуралар және қызметтiң түрлерi бойынша лицензиялар беруге;
      13) шетелдiк сертификаттарды, сәйкестiк белгiлерiн танудың ережелерiн белгiлеуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнде шетелдiк сынақ орталықтарын, тексеру зертханаларын және сертификаттау жөнiндегi органдарын аккредитациялауға;
      14) мемлекеттiк органдармен және басқа да заңды тұлғалармен бiрлесiп стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi техникалық комитеттер құруға;
      15) өз құзыретiнiң шегiнде жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша заңды тұлғаларға әкiмшiлiк және экономикалық санкциялар, сондай-ақ заңдарда белгiленген басқа да ықпал ету шараларын қолдану немесе тоқтату жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
      16) мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге және оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға құқығы бар.
      9. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудың уақытылығы мен сапасы үшiн Комитет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
 
                 VI. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
 
      10. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төраға сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының Стандарттарды және өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
      Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы, стратегиялық тұрғыдағы тапсырмаларды орындауы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.
      11. Комитет төрағасының орынбасарын - басқарма бастығын Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      12. Комитеттiң Төрағасы:
      1) өз орынбасарының, құрылымдық, аумақтық бөлiмшелер басшыларының, Комитеттiң басқа да жауапты қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Комитеттiң ведомстволық бағынысты кәсiпорындары басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық дәрежесiн белгiлейдi;
      2) мемлекеттiк органдарда және басқа ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
      3) Комитеттiң құрылымдық, аумақтық бөлiмшелерi мен оған ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды;
      4) Комитет аппаратының және аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын қызмет тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелерi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылымы мен жарғыларын бекiтедi;
      7) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      13. Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындалуы үшiн мiндеттi.
      14. Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу - мемлекеттiк стандарттар мен нормативтiк құжаттарды бекiту және тiркеу үшiн, сондай-ақ стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшемдердiң бiртұтастығының мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн және оларды жетiлдiрудi қамтамасыз ету үшiн Комитетте, жеке құрамын Комитеттiң Төрағасы бекiтетiн, құрамында 9 адам бар алқа құрылады. Алқаның құрамына Комитет аппаратының қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың басшылары кiре алады. Алқаның шешiмi Комитеттiң қаулыларымен бекiтiледi. 15. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 шiлдедегi N 634 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Стандарттау, метрология және мемлекеттiк қадағалау басқармасы Сертификаттау, сыртқы байланыстар және қаржы-кадр жұмыстары басқармасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 шiлдедегi N 634 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi ____________________________________________________________________ Рет| Кәсiпорындардың атауы |Орналасқан жерi N | | ____________________________________________________________________ 1 |"Метрология" республикалық мемлекеттiк |Алматы қаласы |кәсiпорын | ____________________________________________________________________ 2 |"Қазақстан стандарттау, метрология және |Астана қаласы |сертификаттау орталығы" республикалық | |мемлекеттiк кәсiпорны | ____________________________________________________________________ 3-20-жолдар алынып тасталды ____________________________________________________________________ 21|Стандарттар және стандарт үлгiлерi |Алматы қаласы |мемлекеттiк ақпараттық орталығы | ____________________________________________________________________ 22| Мемлекеттiк алкоголь өнiмдерiн |Алматы қаласы |өндiрушiлердi тексеру орталығы | ____________________________________________________________________ 23|"Казсертико" мемлекеттiк ғылыми-практикалық |Алматы қаласы |орталығы | ____________________________________________________________________ 24 |"Стандарттау, метрология және | | сертификаттау саласында | | біліктілікті арттыру институты" | | республикалық мемлекеттік | | қазыналық кәсіпорны |Астана қаласы ЕСКЕРТУ. Тізбе 24-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.15. N 582 қаулысымен. P990582_ ЕСКЕРТУ. Тізбеден 3-20-жолдар алынып тасталды, 2-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 743 қаулысымен. P990743_
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады