Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге мемлекеттiк лицензиялар беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 653 қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 N963223_ өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 103 P970103_ қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 2, 22-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттiк

 

(ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге мына заңды

тұлғаларға мемлекеттiк лицензиялар берiлсiн:

     "Қазақстан" кәсiподақтардың дене тәрбиесi-спорт қоғамы" қоғамдық

бiрлестiгi;

     "Парасат-Инвест" фирмасы - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi;

     "Қазақстан лотереясы" жабық акционерлiк қоғамы;

     "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi ассоциациясы" жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi;

     Павлодар облысының аумағында "Қалалық мәдениет бөлiмi" мекемесi.

     2.



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.23. N 1328



P981328_




     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады