Байланыс формасы

Банкроттық рәсімдерінде және соттан тысқары тарату рәсімінде уәкілетті органның мемлекет мүдделерін білдіруі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 1 тамыздағы N 729. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі  Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамы банкроттық рәсімдерінде және соттан тысқары тарату рәсімінде бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін міндетті төлемдер жөніндегі, сондай-ақ соттан тысқары тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі кредиторлардың мүдделерін білдіретін уәкілетті орган болып белгіленсін. 
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 

    Қазақстан Республикасының
    Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады