Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтына 1998 жылға тыңдаушылар қабылдау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 17 тамыздағы N 777. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1998.12.14. N 1284 қаулысымен.

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 Заң күші бар Жарлығын және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтына тыңдаушылар қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі N 1371 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтына (бұдан әрі - Институт) 1998/99 жылға Институтқа көзделген қаражат шегінде "Мемлекеттік және муниципальдық басқару" мамандығы бойынша, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау факультетіне оқудың күндізгі түрі бойынша 2 жылдық циклына 10 және сырттай оқытудың 2,5 жылдық циклына 30 адам санында тыңдаушылар қабылдау жариялансын. Институтқа қабылдау Президент Әкімшілігінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, орталық атқарушы органдар мен ведомстволарда барлық деңгейдегі маслихаттар мен әкімшіліктерде мемлекеттік лауазымдардағы азаматтардың есебінен жүргізілсін.
      2. Институтқа оқытудың күндізгі түрі бойынша 10 адам және сырттай оқыту түрі бойынша 20 адам мөлшерінде ақылы негізде тыңдаушылар қабылдауды жүргізуге рұқсат етілсін.
      3. Тыңдаушыларды қабылдау жоғары білімі мен екі жылдан кем емес еңбек стажы бар адамдар қатарынан түсу емтихандарының нәтижелері бойынша, ал ақылы негізде түсушілерге ауызша емтихандардың нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылсын.
      4. Орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың жетекшілері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мемлекеттік қызметте өсу болашағы бар қызметкерлердің есебінен Институтқа түсуге үміткерлерді мұқият саралауды қамтамасыз етсін.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады