Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 18 тамыздағы N 779

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, облыстары мен Алматы қаласы әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясымен келісілген:
      1) Мына білім және мәдениет мекемелеріне:
 
                         Ақмола облысы бойынша
 

 

     Атбасар аудандық орталық кітапханасына - көрнекті жазушы Ілияс

Есенберлиннің;

     Астрахан ауданындағы Қоскөл орталау мектебіне - Социалистік Еңбек Ері

Жапархан Асайыновтың;

     Ерейментау қаласындағы N 3 орта мектепке - белгілі ақын Төлеу

Шахановтың;

     Қорғалжын аудандық Мәдениет үйіне - белгілі композитор, халық әртісі

Кенжебек Күмісбековтың;

     Қорғалжын аудандық халық театрына - осы театрдың алғашқы режиссері

Қалимұса Құсайыновтың;

     Сандықтау ауданындағы Қызыл Қазақстан орта мектебіне - Социалистік

Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрғабыл Мәлғаждаровтың;

     Сандықтау ауданындағы Сандықтау орта мектебіне - Кеңес Одағының

Батыры Иван Терехиннің;


                       Ақтөбе облысы бойынша


     Ақтөбе облыстық филармониясына - белгілі композитор, халық әртісі

Ғазиза Жұбанованың;

     Әйтеке би ауданындағы Аралтоғай орта мектебіне - алғашқы қазақ

зиялыларының бірі, 1930 жылдардағы куғын-сүргіндердің құрбаны Сейдолла

Оразалиннің;


                       Алматы облысы бойынша


     Жамбыл ауданындағы Самсы орта мектебіне - мемлекет қайраткері Телтай

Сәрсембековтің;

     Панфилов ауданындағы Аққұдық бастауыш мектебіне - қоғам қайраткері

Шабдан Байбатшаевтың;

     Талғар қаласындағы N 5 орта мектепке - аса көрнекті жазушы Мұхтар

Әуезовтың;


                 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша


     Бәйдібек ауданындағы Сарқырама орта мектебіне - халық ағарту ісінің

үздігі, белгілі педагог Оңғар Ормановтың;

     Отырар ауданындағы Ынталы орталау мектебіне - белгілі әдебиет

зерттеушісі, профессор Әбіш Байтанаевтың;

     Шымкент қаласындағы N 62 орталау мектепке - көрнекті мемлекет және

қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың;


                Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     Жарма ауданындағы Георгиевка орта мектебіне - Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қажыгелды Орынбаевтың;


                      Алматы қаласы бойынша


     Қазақстанның денсаулық сақтау және тарихы мұражайына - Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген фармацевті, жазушы-драмашы Сәлкен

Сұбханбердиннің есімдерін беру туралы;


     2) Мына білім және мәдениет мекемелерінің атауларын:


                       Алматы облысы бойынша


     Көксу ауданындағы Луначарский атындағы орта мектепті - екі мәрте

Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушы Нұрмолда

Алдабергенов атындағы орта мектеп;


                       Жамбыл облысы бойынша


     Қаратау қаласындағы Ленин атындағы орта мектепті - аса көрнекті

жазушы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп;



                  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша


     Бәйдібек ауданындағы Ленин атындағы орта мектепті - Шаян орта мектебі;

     Мақтаарал ауданындағы "Социализм" орталау мектебін - Ынтымақ орталау

мектебі;

     Мақтаарал ауданындағы Энгельс атындағы орта мектепті - Еңбек орта

мектебі;

     Мақтаарал ауданындағы "Октябрь" орта мектебін - Жаңадала орта мектебі;

     Мақтаарал ауданындағы Сакко и Ванцетти атындағы орта мектепті -

Сырдария орта мектебі;

     Сайрам ауданындағы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Тельман атындағы

орта мектепті - осы мектепті ұйымдастырушылардың бірі Есекей Юсупов

атындағы орта мектеп;


                     Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     Шар қаласындағы Калинин атындағы орта мектепті - халық ақыны Төлеу

Көбдіков атындағы орта мектеп деп қайта атау туралы ұсыныстары қабылдансын.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады