Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 1356 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 тамыздағы N 789 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1771 P971771_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнiң "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi " бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 21 "Қазәскертехимпэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) деген жолдары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)".
      2. "Қазвоентехимпэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 1356 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы; 1995 ж., N 33, 419-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады