Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Астана қаласындағы Өкiлдiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 15 қыркүйек N 883. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.21. N 608 қаулысымен. ~P990608

      Астана қаласындағы жоғары және орталық мемлекеттiк басқару органдарымен өзара iс-қимылда бiлiм, мәдениет, денсаулық, туризм және спорт салаларын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Астана қаласында заңды тұлға құқығынсыз Өкiлдiк ашу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi қызметкерлерiнiң саны мен еңбекақы қорының бекiтiлген шегiнде:
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Астана қаласындағы Өкiлдiгiнiң қызметкерлерiнiң жалпы санын белгiлесiн;
      2) Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Астана қаласындағы Өкiлдiгi туралы ереженi бекiтсiн.
      3. Алматыдан Астанаға ауысу тәртiбiмен көшкен Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне, Астана қаласына көшiрiлген орталық атқарушы органдардың қызметкерлерiне қолданылып жүрген заңдармен

 

көздеген, әлеуметтiк кепiлдiктер мен өтем төлемдерi қолданылады деп

белгiленсiн.

     Көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет

және денсаулық сақтау министрлiгiнiң 1998 жылғы басқару аппаратын

ұстау шығыстары шегiнде, ағымдағы ұстау шығындарын қысқарту есебiнен

жүргiзiлсiн.

     4.



     ЕСКЕРТУ. Қаулы күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1999.03.12.N 233 қаулысымен.



P990233_




     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады