Байланыс формасы

Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 6 қараша N 1137. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Акциялардың мемлекеттік пакеттерін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатуды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесі бекітілсін. 
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 
      3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің 1998 жылғы        
6 қарашадағы              
N 1137 қаулысымен           
бекітілген               

      ЕСКЕРТУ. Мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.05.  N 508 қаулысымен.   
     ЕСКЕРТУ. Мәтіндегі "Комитет", "Комитеттiң" деген сөздер "Сатушы", "Сатушының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің  
2001.11.16. N  1455 қаулысымен.   

                 Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың
               ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың
                           ЕРЕЖЕСІ  

              Осы Ереже акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатуды жандандыру мақсатында әзірленді және мемлекетке тиесілі акцияларды (бұдан әрі - акциялар) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың тәртібін реттейді.     

        1. Акцияларды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс
             iстейтiн қор биржасы арқылы сатудың тәртібі<*>

      ЕСКЕРТУ. 1-бөлімнің тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен.

       1. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған отандық рыногында сатылуға тиісті акцияларды биржалық сауда-саттыққа заңнамалық кесiмдерге сәйкес республикалық немесе коммуналдық меншiктi иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган (бұдан әрi - Сатушы) делдал компаниялар арқылы шығарады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен. 
        2. Акцияларды сату Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн қор биржасының (бұдан әрi - қор биржасы) сауда жүйелерiнде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы қолданыстағы заңнамасына және тиiстi қор биржасының Биржалық сауда ережесiне сәйкес жүргізіледi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен.  
      3. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн қор биржасы арқылы сатуға дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру мен үйлестiрудi Сатушы Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың немесе олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiнен құрған Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссия мүшелерiнiң саны кемiнде 5 адамды құрауы тиiс. Комиссияның төрағасы Сатушының өкiлi болып табылады. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 , 2004.12.20. N  1333 қаулыларымен. 
     4. Акцияларды қор биржасы арқылы сату туралы шешiмдi Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, Сатушы қабылдайды.<*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N   1455 қаулысымен.  
       4-1. Сату туралы хабарламаны Сатушы Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңнамасында көзделген мерзiмдерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мерзiмдi баспасөз басылымында жариялауы тиiс және онда мынадай мәлiметтер:
     1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақыты;
     2) сауда-саттық өтетiн орын;
     3) акциялар шығарушының атауы;
     4) шығарушы туралы мәлiметтер;
     5) сатылатын акциялардың саны;
     6) Қазақстан Республикасының  жекешелендiру және  бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген өзге де мәлiметтер қамтылуы тиiс.<*>
      ЕСКЕРТУ. 4-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N   1455 , 2004.12.20. N  1333 қаулыларымен.
        5. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке жіберіледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N  508 қаулысымен.   
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N   1455 қаулысымен.   
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23. N   562 қаулысымен.  
       6. Сатушы пен делдал компаниялар арасындағы акцияларды сатуға байланысты туындайтын қарым-қатынастар тиісті шартпен реттеледі.
     7. Бағалы қағаздардың отандық рыногында акцияларды сату құқығына брокерлiк компанияны таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Сатушы жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен.
     8-10. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-10-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен.  
       11. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған отандық рыногына шығарылған акциялардың сату бағасын Комиссияның ұсынымы бойынша Сатушы белгілейді.
     12-15. <*>
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N  508 қаулысымен.
          ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N  1369 қаулысымен.   
     ЕСКЕРТУ. 12-15-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен.   
     16. Комиссияның шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
     17. Комиссияның мәжілісі мәжіліс хаттамасына комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қол қойған жағдайда өткізіледі деп есептеледі.
     18. Комиссияның:
     1) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
     2) Комитетке акцияларды сатуға шығару және оларды саудаластықтан алу туралы ұсыныс жасауға құқығы бар.
     19. Комиссия мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлейді:
     1) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы акцияларды сатудың ең төмен бағасын анықтау;
     2) сатудың ең төмен бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төмен баға жөніндегі шектеулерді жою;
     3) акцияларды биржалық саудаластыққа шығарудың мерзімдері мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдерін және биржалық саудаластықтан алу күнін белгілеу.
     20. <*>
     ЕСКЕРТУ. 20-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен. 

                  5. Акцияларды бағалы қағаздардың халықаралық
                 рыногы арқылы сатудың тәртібі 

      21. Акцияларының мемлекеттік пакеті бағалы қағаздардың халықаралық рыногы арқылы сатылуға тиісті акционерлік қоғамдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 
      22. Бағалы қағаздардың халықаралық рыногында акцияларды сату жөнiндегi менеджердi (бұдан әрi - менеджер) таңдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы  заңнамасына сәйкес тендерлiк комиссия жүзеге асырады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен.  
      23. Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тендерлiк комиссияның құрамына Сатушының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң және өзге де мүдделi ведомстволардың өкiлдерi кiредi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N  508 , 2001.10.28. N  1369 , 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 , 2004.12.20. N  1333 қаулыларымен.  
      24. Тендерлік комиссия: 
      1) келіп түскен өтінімдерді қарайды; 
      2) тендердің жеңімпаздарын анықтайды; 
      3) акцияларды сату жөніндегі менеджерлердің ұсынымы бойынша акцияларды сатудың тәсілі (ашық немесе жеке) туралы шешім қабылдайды. 
      25. Тендердің жеңімпазы деп комиссиялық сыйақыларды және акцияларды сатуға байланысты дайындық рәсімдерін жүргізуге арналған шығыстар шегеріліп тасталған, акцияларды жинақтаудың деңгейі ескерілген, ең көп кіріс алу жөнінде мемлекетке кепілдік беретін қатысушы танылады. 
      26. Акцияларды сатуға байланысты шараларды жүзеге асыру үшін менеджерлер екінші деңгейдегі банктерді қаржылық консультанттар ретінде тартуға құқылы. 
      27. Тендердің нәтижесі бойынша Сатушы арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен менеджерлер арасында келісімге қол қойылады. Келісімнің шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 
      28. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 28-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455 қаулысымен.  
      29. Акциялары бағалы қағаздардың халықаралық рыногы арқылы сатылатын, мемлекет қатысатын Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына қаржылық есептілігіне және шаруашылық әрекетіне алдын ала талдау жүргізгеннен кейін, менеджерлер акцияларды сатуға қажетті шаралардың тізбесін және көрсетілген шараларды өткізуге байланысты шығындардың есебін Сатушыға ұсынады. Мемлекет тарапынан шығындарды барынша азайту мақсатында Департамент шығыстар сметасын түзету жұмыстарын жүргізеді және шығындардың құрылымы мен ең жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N  508 қаулысымен.  
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455
қаулысымен.  
       30. Менеджерлер келісімде белгіленген тұрақты негізде жүргізіліп отырған шаралар туралы Сатушыға есеп беріп отырады. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455
қаулысымен.  
      31. Сатушы менеджерлермен және акционерлік қоғамдардың өкілдерімен бірлесе отырып акциялардың мемлекеттік пакетін сату жөніндегі қажетті шараларды өткізуді ұйымдастырады. 
      32. Менеджерлер мен Сатушы бір-біріне тәуелсіз бағалы қағаздар рыногына мониторинг және ондағы ахуалға және оның даму тенденциясына талдау жүргізеді. 
      33. Менеджерлер жағдайды талдауын және менеджерлердің ұсынымдарын ескере отырып, негізінде акцияларға жазылушылардың тізімін сатудың ұсынылып отырған бағасын көрсете отырып бергеннен кейін Департамент акцияларды сатудың басталғаны туралы шешім қабылдайды, менеджерлерге тиісті нұсқаулар береді және акцияларды сатып алу-сату келісімін жасасады.
      34. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке жіберіледі. <*>     
       ЕСКЕРТУ. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.05. N  508 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 34-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N  1455    қаулысымен. 
     ЕСКЕРТУ. 34-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.23. N  562
қаулысымен.   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады