"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Құрылыс басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 18 желтоқсан N 1293

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Астана қаласына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері кейбір бөлімшелерінің Ақмола облысына орын ауыстыруына байланысты, сондай-ақ әскери объектілердің құрылысын салу кезінде шаруашылық жүргізудің арнайы тәртібін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Құрылыс басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Солтүстік әскери құрылыс" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және шаруашылық жүргізу құқығындағы "Оңтүстік әскери құрылыс" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы:
      мемлекеттік қорғаныс қабілетін материалдық қамтамасыз ету;
      құрылыс, энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және басқа да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері инфрақұралымдарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      Кәсіпорындардың жарғыларын әзірлесін және бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады