Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегi Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершілік жөнiндегi заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы N 10 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы 1999 жылғы 30 сәуір N 3.

      Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi реттейтiн Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарының өзгертiлуiне байланысты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шiлдедегi "Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы" заңды қолдану тәжiрибесi туралы" N 10 қаулысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1. 1-тармақ "контрабанда деп танылады" сөздерiнен кейiн мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Соттар экономикалық контрабанда кезiнде, егер оған жауапкершiлiк ҚК-тiң 209-бабында көзделген болса, - мемлекеттiң экономикалық мүддесi, ал ҚК-тiң 250-бабында көзделген контрабанда болса, - қоғамдық және мемлекеттiк қауiпсiздiк мүддесi негiзгi және тiкелей объект болып табылатынын ескеруi тиiс".

      2. 6-тармақ "мен ауытқуы (содан туындайтын) жатады" сөздерiнен кейiн мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Аталған, сондай-ақ басқа да айналыстан алынбаған заттарды немесе айналысы шектелмеген заттарды (мысалы, азық-түлiк, киiм, аяқ киiм, парфюмерлiк заттар және т.б.) Республикалық кеден шекарасы арқылы заңсыз өткiзу үшiн жауапкершiлiк ҚК-тiң 209-бабында белгiленген".

      3. 7-тармақтағы "орнынан әкетiлуi" сөздерi "ҚК-тiң 250-бабында көзделген қылмыс құрамын құрайды және" сөздерiмен толықтырылсын.

      4. 14-тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "Осы санаттағы iстер бойынша жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тiң 52-бабының талаптарын басшылыққа алып, мұндайда жаза негiздi және әдiл болуы үшiн контрабанда заттарының мөлшерi мен санын ескергенi, белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, немесе арнаулы, әскери не құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру ретiндегi қосымша жаза тағайындау мәселесiн қарағаны жөн. Заңмен көзделген жағдайларда контрабанда заттарын мемлекет кiрiсiне енгiзген жөн."

      5. 1, 9, 12 тармақтарынан "мемлекеттiк немесе" сөздерi алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Соты Төрағасы

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы,

      Пленум хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады