Байланыс формасы

Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 7 нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-да" деген сөздер тиісінше "ҚПК-нің", "ҚПК-да" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Сот тәжiрибесiн зерттеу - соттардың қызметiнде азаматтарды заңсыз соттау фактiлерi орын алғанын көрсеттi. Кейбiр iстер бойынша заңда көрсетiлген қылмыстық ізге түсудi болдырмайтын жағдайлар болса да, соттар айыптау үкiмiн шығарған.

      Ақтау туралы, сондай-ақ басқа да, нәтижесiнде адамдардың зиянды өтеуге құқы туындайтын шешiм шығарғанда, соттар iс жүргiзу құжаттарында олардың осындай құқықтарын тану туралы көрсетпеген және зиянды өтеу тәртiбiн түсiндiрмеген.

      Зиянды өтеу туралы талаптар мен шағым арыздарды қараған кезде соттар қылмыстық процесс жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген залалды өндiрудiң негiздерi мен тәртiбiн белгiлейтiн қылмыстық iс жүргiзу заң нормаларын кейде дұрыс қолданбаған.

      Аталған кемшiлiктерді жою мақсатында және қылмыстық процесс жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген залалды өндiру тәртiбiн реттейтiн заңның өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етедi:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қылмыстық жауапкершiлiкке негiзсiз тарту, процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану, негiзсiз соттау фактiлерi өрескел заң бұзушылық болып табылатынына және оның нәтижесiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiне елеулi нұқсан тиетiнiне, оларға және мемлекетке материалдық зиян және моральдық залал келтiрiлетiнiне қылмыстық iзге түсу органдарының және соттардың назары аударылсын.

      2. Қылмыстық процестi жүргiзу органдардың заңсыз әрекеттерi болып мыналар танылатыны түсiндiрiлсiн:

      осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 32-бабының екiншi және үшінші бөліктерінде аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша жекеше айыптаушының шағымы болмаған кезде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

      iсте қылмыстық iзге түсу органдарының қылмыстық iстi тоқтату туралы бұзылмаған қаулысы, сондай-ақ дәл сол айыптау және дәл сол адамға қатысты қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлеген күшiне енген үкiм немесе сот қаулысы бола тұра қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыру;

      сот оқиғасының немесе адамның әрекетiнде қылмыс құрамының болмағанын немесе адамның қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбегенiн, прокурордың және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанын, жеке айыптау iсi бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанын (ҚПК-нiң 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген реттерден басқа), Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 71 және 88-баптарында көзделген қылмыстық жауапкершілiкке тарту мерзiмiнiң ескiруiн және адамның осы негiз бойынша iстi тоқтатуға келiсiмiн, ҚК-нiң 68-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлген реттерде жәбiрленушi мен айыптының, сезiктiнiң достасқанын, адамның жасаған әрекетi үшiн қылмыстық жауапкершілiктi жоятын жаңа қылмыстық заңның қабылданғанын, жазадан босататын амнистия актiнiң шыққанын және адамның осы негiз бойынша iстi тоқтатуға келiсiмiн, адамға кешiрiм жасау актiсiнiң қабылдануын растайтын фактiлер белгiленгеннен кейiн қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыру.

      Сондай-ақ, қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерiне мыналар жатады: қылмысты дәрежелеу кезiнде қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданбау; бұлтартпау шараларын немесе заңда көзделген өзге де процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сезiктi ретiнде ұсталған адамды немесе бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұсталған адамды оның өмiрiне және денсаулығына қауiптi жағдайда ұстау; қамаудағы емес адамды сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн бұл туралы сот шешiмi болмаса да, медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру; зорлық, қатаң немесе адамның ар-намысын қорлайтын шаралар қолдану; процессуалдық әрекеттердi оған қатысатын адамдардың өмiрiне және денсаулығына қауiп тудыратын жағдайларда өткізу, қылмыстық процеске қатысушы адамның абыройын қорлайтын немесе ар-намысын кемiтетiн шешiмдер шығару және әрекеттер жасау жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сондай-ақ өзге де адамның құпия етудi қажет көрген жеке сипаттағы мәлiметтердi ҚПК-да көзделмеген мақсаттар үшiн қолдану және жариялау; заңсыз соттау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолдану; тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу шараларын және басқаларын заңсыз қолдану.

      Қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың әрекеттерiнiң заңсыздылығы сот үкiмiмен немесе қаулысымен немесе анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор шығарған қаулымен белгiленедi.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Ұсталған адамдарға, сезiктiлерге, айыпталушыларға, сотталушыларға, сотталғандарға, ақталғандарға қылмыстық процесс жүргізушi органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан зиян келтiрiлген жағдайларда ҚПК-нiң 37-бабынан бастап 42-бабын қоса алғанда күшi қолданылатыны түсiндiрiлсiн. Қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқы бар адамдардың ҚПК-нiң 38-бабында көрсетiлген тiзiмi түпкiлiктi болып табылады. Iс бойынша сот өндiрiсiне қатысқан өзге адамдарға (куәларға, айғақ адамдарға, аудармашыларға, т.б.) келтiрiлген зиянды өтеу мәселесi азаматтық iс жүргiзу тәртiбi бойынша шешiлуге тиiс.

      Жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшырап, ақталған адамдарға зиянды өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi № 2143-XII "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен реттеледi.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Соттың ақтау үкiмi немесе анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокуратураның қылмыс оқиғасының болмауы салдарынан, қылмыс құрамының болмауы салдарынан немесе адамның қылмысқа қатысқаны дәлелденбеуi салдарынан қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысы шығарылған жағдайда адамды толық ақталды деп тану керек.

      Адамды айыптаудың кейбiр эпизодтары бойынша кiнәлi емес деп тану, оның әрекеттерiн қылмыстық заңның жеңiлірек қылмыс үшiн жауапкершiлiктi көздейтiн бабына қайта дәрежелеу, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу шарасын заңсыз қолдануды бұзу оның iшiнара ақталғанын бiлдiредi.

      5. ҚПК-нiң 13-бабының екінші бөлiгiне және 14-бабының сегізінші бөлiгiне сәйкес ұсталған, сезiктi, айыпталушы, сотталушы және сотталған адамдар да сот iсiн жүргiзу барысында зорлыққа ұшыраған немесе қатаң ұсталған жағдайда, қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың шешiмдерiмен немесе әрекеттерiмен олардың қадiр-қасиетi кемiтілсе, немесе қаралып жатқан iс бойынша адамның құпия деп тануды қажет еткен жеке сипаттағы мәлiметтерi жинақталып, қажетсiз жария етiлген немесе таратылған жағдайда, сондай-ақ бас бостандығынан айырылған адам өмiрге және денсаулыққа қауiптi жағдайда ұсталса, өздерiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқылы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Соттың ақтау үкiмiнiң шығуы немесе анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың ҚПК-нiң 38-бабының бірінші бөлiгінде көрсетiлген негiздер бойынша қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысының, сондай-ақ амнистия, кешiрiм жасау актiлерiн, қылмыстық жауапкершілiктi жоятын немесе жеңiлдететiн жаңа қылмыстық заңды және т.б. қолдану туралы шешiмдi уақытылы қабылдамау фактiсiн белгiлеген қаулысының шығуы зиянды өтеу туралы талап қоюға себеп болып табылады. Бұндай шешiм қабылдаған кезде қылмыстық процесті жүргiзген орган адамның қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың әрекеттерiнен келтiрiлген зиянды өтеуге құқын анықтап, негiз болған жағдайда ҚПК-нiң 42-бабына сәйкес ақтау үкiмiнде немесе iстi қысқарту туралы қаулысында көрсетуi тиiс.

      Ақтау туралы шешiм қабылдаған анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор немесе сот ҚПК-нiң 42-бабына сәйкес адамға ақтау үкiмiнiң немесе қаулысының көшiрмесiн және зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламаны жiберуге мiндеттi. Хабарламада ҚПК-нiң 40-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес адам мүлiктiк зиянды өтеудi, моральдық зиянның салдарын жоюды, iс жүргізуге байланысты бұзылған еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiрудi талап етуге құқылы екенi көрсетiлуi керек. Сонымен бiрге, хабарламада зиянды өтеу тәртiбi түсiндiрiлуi керек, атап айтқанда: адамның талап қоюға құқылы мерзiмi; мүдделi адамның: ақталуы туралы мәлiметтердi тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарына, жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерiне жiберу туралы талапты, мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтiру туралы талапты, моральдық зиянның орнын толтыру туралы талапты, мемлекеттiк наградаларын қайтару, құрметтi және өзге де атақтарын, шендерiн, дәрежелерiн, біліктiлiк сыныптарын қалпына келтiру туралы, т.б. талаптарын жiберуге тиiс органдардың аты көрсетiлуi керек.

      Хабарламада шығыс номерi мен оны адресатқа жөнелту датасы көрсетiлуi тиiс.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. ҚПК-нiң 41-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi орган келтiрген зиян үшiн ақталған адамнан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi, ал ол жазбаша түрде берілуi тиiс екенi түсiндiрiлсiн. Хабарлама ресми болғандықтан, ол арнайы немесе қызмет бланкiсiне рәсiмделуi керек және оған ақтау туралы шешiм қабылдаған органның басшысы қол қоюы тиiс. Онда адамды ақтау туралы нақты шешiмге сiлтеме жасалып, қылмыстық iзге түсудiң заңсыздылығы көрсетiлiп, келтiрiлген зиян үшiн ресми түрде кешiрiм сұрау туралы сөздер жазылуы тиiс.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      8. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу құқы жеке де, заңды да тұлғаларға берiлген. ҚПК-нiң 40-бабының үшінші бөлiгiне сәйкес мүлiктiк зиянды өтеудi ҚПК-нiң 38-бабының екінші бөлiгiнде көрсетiлген адамдармен бiрге олардың заңды өкiлдерi де талап ете алады. ҚПК-нің 38-бабының үшінші бөлiгiнде көрсетiлген реттерде мұрагерлер және зейнет туралы заңына сай асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақымен қамтамасыз етуге құқы бар адамдар да зиянды өтеттiруге құқылы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Адамдар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы талапта қойылған мәселелерiн құқықтарды қалпына келтіру тәртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай iшiнде оларды шешуге құзыреттi органдарға талап қоя алатыны түсiндiрілсiн. Атап айтқанда, еңбек құқықтарын қалпына келтiру туралы талап ақталған адамның жұмыс iстеген және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуына немесе сотталуына байланысты қызметiнен босатылған ұйымға, кәсiпорынға, мекемеге жiберiледi; алынбай қалған зейнетақысын немесе жәрдемақысын төлеу туралы - әлеуметтiк қорғау органдарына; тұрғын үй құқығын қалпына келтiру туралы - жергiлiктi атқару органдарына; тәркіленген мүлiктi қайтару туралы - сол мүлiк тұрған жердегi органға; мемлекеттiк наградаларды қайтару туралы, құрметтi, әскери, арнаулы немесе басқа да атақтарын, сыныптық шенiн, дипломатиялық дәрежесiн, бiлiктiлiк сыныбын қалпына келтiру туралы талаптар - осы мәселелердi қарауға құзыреттi органдарға жiберiледi.

      Мүліктік зиянды өтеу туралы талап ҚПК-нің 40-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген тиісті сотқа тікелей жіберілуі мүмкін.

      ҚПК-нің 40-бабының бірiншi бөлiгiне және "Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1218 қаулысына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдарының салдарынан келтірілген мүлiктiк зиян: олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды; соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi; соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды; заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды; қылмыстық қудалау салдарынан болған өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды. Сонымен қатар қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдарының салдарынан келтірілген мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар адамдардың еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ моральдық зиянның салдарын жойғызуға құқығы бар.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      10. Судья моральдық зиянның салдарын жойғызу туралы талапты ҚПК-нің 4-тарауындағы тәртіппен қарайды.

      Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мәнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ғана қойылады.

      Егер ҚПК-нің 4-тарауында көзделген тәртіппен зиянды өтеу туралы талапты беруге алты айлық мерзім өткізіп алынса, онда адам азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Зиянды өтеу туралы талаптарын қараған кезде сот оларды қарау үшiн қажет құжаттарды: жұмыс орнындағы еңбекақысы туралы, заңгер көмегi үшiн төленген сомалар туралы, заңсыз тәркiленген немесе мемлекет кiрiсiне алынған мүлiктiң бағасы туралы, заңсыз үкiмдi немесе сот қаулысын орындаумен байланысты және басқа да шығындар сомасы туралы құжаттарды сұратуға және өтелуге жататын зиянның мөлшерiн анықтауға мiндеттi. Қажет болған жағдайда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есептер сұратылуы мүмкiн.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. Зиян мөлшерiн есептеу және оны өтеуге құқы бар адамдардың шеңберiн анықтау зиян келтiрiлген кезде күшiнде болған заңға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Қылмыстық iстер жүргiзу кодексi күшiне енгенге дейiн келтiрiлген зиянның мөлшерi 1981 жылғы 18 мамырдағы КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының қаулысымен бекiтiлген "Анықтау, алдын ала тергеу органдары, прокуратура мен соттың заңсыз әрекеттерiмен азаматтарға келтiрілген зиянды өтеу тәртiбi туралы" Ережеде белгіленген нормалар бойынша анықталады.

      Зиянның мөлшерiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң нормаларына сәйкес анықтаған кезде қылмыстық процесті жүргiзетiн органдардың әрекеттерi заңсыз болып танылатын сәттер мен мерзiмдердi анықтайтын мән-жайларға назар аударған жөн. Атап айтқанда, ҚПК-нiң 38-бабы екінші бөлiгiнiң 4-тармағына сәйкес жасалған іс-әрекетiнiң саралануы ҚК-нің оны жасағаны үшiн күдік келтiру немесе айыптау кезiнде ұстап алуға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгертілген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптау бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайларда, сол сияқты соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын немесе мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану туралы заңсыз шешiмiнің күші жойылған жағдайда адамның ұсталуға немесе бұлтартпау шарасын қолдануға не қылмыстық жазасын қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде өтеуге байланысты адамның күзетпен ұсталуын заңсыз деп таныған жөн. Бұл ретте күзетпен ұстаудың, қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазалаудың нақты өтелген мерзiмi ҚК-нің кiнәлi адам жасаған іс-әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып есептеледі. Егер ҚК-нiң қылмыстық құқық бұзушылық жаңадан сараланған бабында жаза ретiнде қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру көзделмесе, онда күзетпен ұстау, қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру жазасының ҚК-нің аталған бабында көзделген жаза орнына есептелiне алмайтын бөлiгi заңсыз өтелген болып саналады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      13. ҚПК-нiң 38-бабының төртінші бөлiгiне сай өзiне-өзi жала жапқан адамға зиянның өтелмейтiндiгiн ескере отырып, әр нақты жағдайда өзiне-өзi жала жабу ерiктi түрде жасалғанын және iстегi ақиқатты ашуға кедергi келтiргенiн анықтау қажет. Іс бойынша тергеу жүргiзудiң рұқсат етiлмеген тәсілдерi немесе басқа да сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының өзiне-өзi жала жабуына немесе жалған жауап беруiне әкелiп соқтырған заң бұзушылықтары анықталған жағдайда, заңсыз сотталу немесе қылмыстық процестi жүргiзген органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиян қанағаттандырылуға жатады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Амнистия туралы актiнiң қабылдануына, кешiрiм жасалуына, ескiру мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты, қылмыстық жауапкершiлiктi жоятын немесе жазаны жеңiлдететiн заңның қабылдануына байланысты қылмыстық iс қысқартылған жағдайда, зиянды өтеу туралы талап тек, егер осы негiздер бойынша iстi қысқарту туралы келiсiм болып, қылмыстық iзге түсуді тоқтату туралы және қолданылған процессуалдық мәжбүрлеу шараларды тоқтату туралы шешiмдер уақытылы қабылданбаған жағдайда қанағаттандырылады.

      15. Мүліктік зиянды өтеу туралы талапты ҚПК-нің 40-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья жеке-дара қарайды. ҚПК-нің 38-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдарының салдарынан келтірілген мүлiктiк зиян қылмыстық процестi жүргiзетін органның кiнәсi бар-жоғына қарамастан, толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi. Сот отырысына қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының ағымдағы жылға арналған бюджеті туралы заңына сәйкес қаражат бөлінген мемлекеттік органның өкілі мемлекеттің атынан қатысады. Егер Бюджет туралы заңда мұндай орган белгіленбесе, онда өндіріп алу Республиканың Қаржы министрлігінен жүргізіледі. Көрсетілген өкілдің немесе талап еткен адамның сот отырысына келмеуі оны қарауға кедергі келтірмейді.

      Талапты қарау қорытындылары бойынша қаулы шығарылуға тиiс. Онда ақтау туралы шешiм қабылдаған органның немесе соттың арызданушының талаптарын қанағаттандырарда немесе қанағаттандырмағанда негізге алған мән-жайлары көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ қаулыда мыналар: қаулы шығарған органның және оның лауазымды адамының аты және оның шыққан жерi мен уақыты; азаматты қылмыстық жауапкершiлiкке тартқанда, күзетпен қамауға алғанда, жаза немесе процессуалдық мәжбүрлеудiң басқа шаралары қолданылғанда негiзге алынған процессуалдық құжаттың датасы мен атауы; адамды ақтау туралы процессуалдық құжаттың датасы мен атауы, ақтау негiздерi; ақталған адамның талаптарының мазмұны; есеп жасауда негiзге алынған құжатқа және зиянды өтеудi көздейтiн заңға сiлтеме жасай отырып, өтелуге жататын мүлiктiк зиянның толық есебi; зиянды өтеу есебiнен төленуге жататын жалпы сома және оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi; зиянды өтеу туралы талапты iшiнара қанағаттандырудың немесе қанағаттандырмаудың негiздерi; қаулыға шағымданудың наразылық келтiрудiң тәртiбi мен мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      16. ҚПК-нiң 41-бабына сәйкес рухани зиян салдарын жою туралы талаптарды қанағаттандырарда қаулының қорытынды бөлiгiнде заңсыз қылмыстық iзге түсумен байланысты сол адам жөнiнде жайылған мәлiметтердi жоққа шығару үшiн кiм және қандай нақты әрекеттердi жасау қажет екендiгi туралы көрсетiлуi тиiс. Қажет жағдайда қаулыда баспасөз немесе радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жататын үндеудiң мәтiнi берiлуi мүмкiн.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. ҚПК-нің 415-бабының екінші бөлігіне сәйкес судьяның зиянды өтеу туралы талапты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысына ҚПК-нің 48-тарауында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      18. Қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеумен байланысты ақшалай төлемдердi жасау сол органдардың кiнәсiне қарамастан республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Зиянды өтеу туралы талапты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулының көшiрмесiне елтаңбалық мөр басылып, төлем жасауға мiндеттi органдарға ұсыну үшiн арызданушыға немесе оның заңды өкіліне жолдануға тиiс.

      19. Егер зиянды өтеу кезiнде негiзге алынған соттың iстi қысқарту туралы ақтау үкiмi немесе қаулысы бұзылып, iс бойынша айыптау үкiмi шығарылса, сот шешiмiнiң керi орындалуына байланысты зиянды өтеу үшiн төленген сомалар оны алған адамнан өндiрiлуге жатады.

      20. Iстердi қараған кезде азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын оларды қылмыстық жауапкершiлiкке негiзсiз тарту, ұстау, заңсыз күзетпен ұстау немесе процессуалдық мәжбүрлеудің басқа да шараларын заңсыз қолдану фактілерін анықтаған жағдайда, соттар қылмыстық істер жүргізерде тиісті органдардың және лауазымды адамдардың атына заң бұзушылықтарға жол бермеудің шараларын қолданулары туралы жеке қаулылар шығаруға тиіс.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      21. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1987 жылғы 23 ақпандағы "Азаматтарды заңсыз соттау фактілерін жою шаралары және қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу тәжірибесі туралы" N 2 P87002S_ қаулысының күші жойылды деп және КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1988 жылғы 23 желтоқсандағы "КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерімен азаматқа келтірілген зиянды өтеу туралы" Жарлығын сот тәжірибесінде қолданудың кейбір мәселелері туралы" N 15 қаулысы Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын.

      22. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. Нормативтік қаулы 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      Пленум хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады