Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 ақпан N 125

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мына мемлекеттік мекемелер республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі - РМҚК) етіп қайта құрылу жолымен:
      1) Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған "Ардагер" республикалық пансионаты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) Орталық протездеу экспериментальдік лабораториясы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық протездеу экспериментальдік лабораториясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      3) Ақпараттық-талдау орталығы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      4) Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      5) Республикалық есту қабілетін түзету орталығы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін түзету орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      6) Алматы медициналық стационары "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы медициналық стационары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      7) Семей медициналық стационары "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Семей медициналық стационары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      8) Петропавл медициналық стационары "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Петропавл медициналық стационары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсетілген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жарғыларын әзірлесін және бекітсін, оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын және басқа да қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларын жүргізсін.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады