Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 ақпан N 136

      Қазақстан Республикасының "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңын және "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 847 P980847_ қаулысын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шаруашылық басқармасы" (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқаратын уәкілетті орган, сондай-ақ оған қатысты субъект қызметін мемлекеттік меншік құқығында жүзеге асыратын орган (уәкілетті орган) болып табылатыны айқындалсын.
      3. Уәкілетті орган белгіленген тәртіпте:
      1) бір ай мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітіп, оның әділет органдарында тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін;
      2) Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын;

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады