Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 наурыздағы № 187. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     1) 1-тармақта:     

     "Жандосов Ораз Әлиұлы       - Қазақстан Республикасы 
                                   Премьер-Министрінің бірінші 
                                   орынбасары, төраға     

     Кешубаев Ғалиаусат          - Қазақстан Республикасы 
     Қайырбекұлы                   Премьер-Министрінің Кеңсесі
                                   Басшысының орынбасары, төрағаның
                                   орынбасары     

     Бектасов Әбен Ағыбайұлы     - Қазақстан Республикасы Бағалы
                                   қағаздар жөніндегі ұлттық
                                   комиссиясының төрағасы (келісім
                                   бойынша)"     

     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

     "Жандосов Ораз Әлиұлы       - Қазақстан Республикасы Премьер-
                                   Министрінің орынбасары,
                                   Қазақстан Республикасының
                                   Қаржы министрі, төраға     

     Бектасов Әбен Ағыбайұлы     - Қазақстан Республикасы
                                   Мемлекеттік кіріс вице-министрі,
                                   төрағаның орынбасары     

     Кешубаев Ғалиаусат          - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Қайырбекұлы                   Министрінің Кеңсесі Басшысының
                                   орынбасары";     

     Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

     "Өмірбаев Әділхан           - Қазақстан Республикасының
     Әбдірахманұлы                 Мемлекеттік қызмет істері
                                   жөніндегі агенттігі төрағасының
                                   орынбасары - Атқарушы
                                   директоры";
      Александр Сергеевич Судьин, Рашид Алтайұлы Аманжолов көрсетілген құрамнан шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру комиссиясы туралы ережеде: 
      ІІ "Негізгі міндеттері" деген тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "2000 жылдың басынан бастап ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі проблемалары жөнінде (2000 жылдың проблемасы) Үкіметке материалдар дайындау;
      ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін үйлестіру";
     ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарау мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
     "12. Комиссияның жұмыс органының функциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүктелсін".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады