"Қазақстан Республикасы көлік-коммуникациялар кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттік мекемесін" қайта ұйымдастыру туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 наурыз N 234.

      Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысының 5-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мына мемлекеттік мекеме:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .

      2) "Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақпараттық-презентациялық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Кәсіпорынды уәкілетті мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.<*>

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі:

      1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі түрлері мыналар деп көзделсін:

      магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру. <*>

      2) заңдарда белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1061 қаулысымен .
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің Ақпараттық-презентация орталығы туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы N 1019 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 257-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы;

      3) "Қазақстан Республикасының Азаматтық және эксперименттік авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік авиациялық инспекциясы (Мемавиақадағалау) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрі (Мемавиарегистр) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 9-құжат) күшін жойған деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



О реорганизации государственного учреждения "Информационно-презентационный центр транспортно-коммуникационного комплекса Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 марта 1999 года № 234

     Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правительства РК от 26 июля 1999 г. N 1061 P991061_ .
 
      Во исполнение пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 1998 года № 1335 P981335_ "Вопросы учреждений- администраторов программ, финансируемых из государственного бюджета", Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Реорганизовать путем преобразования государственное учреждение:
      2) "Информационно-презентационный центр транспортно-коммуникационного комплекса Республики Казахстан" в Республиканское государственное предприятие "Информационно-презентационный центр" на праве хозяйственного ведения (далее - Предприятие).
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 26 июля 1999 г. N 1061 P991061_ .
      2. Определить Министерство транспорта, коммуникаций и туризма Республики Казахстан уполномоченным органом государственного управления Предприятием, а также органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права государственной собственности.
      3. Министерству транспорта, коммуникаций и туризма Республики Казахстан:
      1) утвердить устав Предприятия, предусмотрев основным видом деятельности:
      осуществление деятельности в сфере магистрального транспорта, дорожного хозяйства, телекоммуникационной связи и почты";
      2) обеспечить государственную регистрацию Предприятия в установленном законодательством порядке.
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 26 июля 1999 г. N 1061 P991061_ .
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.
      5. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 1997 года № 1019 "Об Информационно-презентационном центре транспортно- коммуникационного комплекса Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 29, ст. 257);
      2) пункт 11 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 июля 1998 года № 651 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 апреля 1998 года № 3928" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 22, ст. 190);
      3) постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 1998 года № 31 "О Государственной авиационной инспекции Республики Казахстан по надзору за безопасностью полетов воздушных судов гражданской и экспериментальной авиации (Госавианадзор) и Государственном авиационном регистре Республики Казахстан (Госавиарегистр)" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 1, ст. 9).
      6. Настоящее постановление вступает в силу с момента подписания.
 
         Премьер-Министр
      Республики Казахстан
 

(Специалисты: Э.Жакупова

                    Л.Цай)