Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 16 наурыздағы
N 247 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен
жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы
Нұсқаулық

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулықтың "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - комиссиялар) мен жұмыс топтарын құру, қызметі және таратылуы мәселелерін реттейді. Құрылуы заң актілерімен тікелей кез-келген комиссияларға осы Нұсқаулық тиісті заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.10. N 135 қаулысымен.

      2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi кейiннен Қазақстан Республикасының Yкiметi мүшелерiнiң алқалы шешiм қабылдауын талап ететiн аса маңызды мәселелер бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқаратын комиссиялардың құрамына мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары немесе олардың мiндеттерiн атқаратын адамдар немесе алмастыру құқығынсыз мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының орынбасарларынан төмен емес мәртебесi бар лауазымды адамдар кiредi.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен оның орынбасары арасындағы мiндеттердi бөлуге сәйкес олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басқаратын комиссиялардың құрамына алмастыру құқығынсыз мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының орынбасарларынан төмен емес мәртебесi бар лауазымды тұлғалар кiредi.

      Салааралық және ведомствоаралық мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылатын комиссияларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де мүшелерi басқарады.

      Осындай комиссиялардың мүшелерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының мәртебесі департамент директорынан төмен емес болуы тиiс.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.10. N 135, өзгерту енгізілді - 2006.04.06. N 251; 26.01.2018 № 34 қаулыларымен.

      3. Жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады. Жұмыс топтарының қызметі, әдетте, қысқа мерзімдік сипатта (6 айдан аз) болады және тиісті проблема және/немесе мәселе бойынша бір рет шешім қабылданғаннан кейін аяқталады. Жұмыс топтарының құрамына жұмыс тобына жүктелген міндеттерді орындайтын тікелей орындаушылар енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

      4. Комиссиялар мен жұмыс топтарының шешімдері ұсыныс сипатында болады.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссиялар мен жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылады және таратылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 613 қаулысымен.

2. Комиссиялар мен жұмыс топтарын құрудың тәртібі

      6. Комиссияның құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже, сондай-ақ жұмыс тобының құрамы, оның міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен айқындалады.

      Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады, бұл туралы Комиссия туралы ережеде көрсетіледі.

      Бұл ретте, Комиссия туралы ережеде міндеттері, комиссия отырыстарының кезеңділігі, сондай-ақ жұмыс органы көзделеді.

      Бекітілген лауазымдық құрам негізінде комиссияның дербес құрамы хаттамалық шешіммен айқындалады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 54 қаулысымен.

      7. Мемлекеттік органдар комиссияны немесе жұмыс тобын құруға белгілі бір мәселені шешу оның құзыретінің шегінен асып, басқа мемлекеттік органдардың қызмет аясын қамтығанда не оған осы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің көмегі қажет болғанда бастамашылық жасайды. Мұндай жағдайда, комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган барлық мүдделі мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және өзге де тұлғалардан тиісті проблема немесе мәселе бойынша олардың қызметіне қатысу ықтималдығы туралы ұсыныстарын сұратады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.10. N 279 қаулысымен.

      8. Комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне комиссияны (жұмыс тобын) құру қажеттілігінің анықтама-негіздемесін (алдын-ала келісу сатысы) ұсынады, онда мыналар көзделеді:

      1) комиссияны/жұмыс тобын құру негіздемесі;

      2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер;

      3) комиссияның жұмыс органының функциясын орындау жүктелетін министрлік не ведомство;

      4) комиссияны/жұмыс тобын басқаратын лауазымды тұлға, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ұйымдардың және өзге де тұлғалардың комиссияның/жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстары;

      5) қажет болған жағдайда - комиссияның/жұмыс тобының қызметін қаржыландыру көздері;

      6) комиссия/жұмыс тобы қызметінің мерзімі;

      7) комиссияны/жұмыс тобын құру қажеттілігіне байланысты өзге де мән-жайлар.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 279 қаулысымен, 2005.02.10. N 135; 04.02.2016 № 54 қаулыларымен.

      9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 10 күн мерзімнен кешіктірмей комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның ұсынысын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның ұсынысымен келіседі;

      2) алынып тасталды

      3) комиссияны/жұмыс тобын құру туралы ұсынысты қабылдамай, бастама көтерген органға негізді жауап жібереді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

      10. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 1) тармақшаcында көзделген жағдайда комиссияны/жұмыс тобын құруға бастама жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкімінің жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 54 қаулысымен.

      11. Комиссияны не жұмыс тобын құру заңда немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актісінде көзделген жағдайларда не Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесінің бастамасы бойынша жүзеге асырылса, осы Нұсқаулықтың 7 және 8-тармақтарында көзделген комиссия құру туралы Премьер-Министр өкімінің жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесімен алдын ала келісу талап етілмейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.01.2018 № 34 қаулысымен.

      12. Комиссиялардың/жұмыс топтарының лауазымдық құрамына комиссияға/жұмыс тобына жүктелген міндеттерді шешу заңнамаға сәйкес құзыретіне кіретін министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

      Жекелеген жағдайларда комиссиялардың/жұмыс топтарының құрамына өздерімен келісім бойынша ғылыми, үкiметтік емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, мамандар және өзге де адамдар енгiзiлуi мүмкiн.

      Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелері олардың қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

3. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 54 қаулысымен.

      13. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері Премьер-Министрдің өкімінде белгіленеді.

4. Комиссияның/жұмыс тобының органдары

      14. Комиссияның/жұмыс тобының органдары:

      1) жұмысшы орган (тек комиссияда жұмыс істейді);

      2) төраға/жетекші;

      3) төрағаның/жетекшінің орынбасары;

      4) хатшы;

      5) (алынып тасталды)

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 279 қаулысымен, 2005.02.10. N 135 қаулысымен.

      15. Комиссияны құруға бастама жасаған мемлекеттік орган болып табылатын оның жұмыс органы, комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға не өзге ұйым Комиссия туралы ережеде көрсетіледі.

      Комиссияның қызметін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс органы:

      1) комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар хаттама жобасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын немесе хаттама жобасын қоса бере отырып, мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хатшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс;

      2) комиссия отырыстарына мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың өкілдерін және тұлғаларды (келісім бойынша) шақырады;

      3) мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдарың өкілдерінен және тұлғалардан (келісім бойынша) қажетті ақпарат сұратады;

      4) мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың мамандарын және тұлғаларды (келісім бойынша) тартады.

      Материалдары осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерді бұза отырып енгізілген, сондай-ақ өткізілетін отырыстың күн тәртібінен тыс көтерілетін мәселелер қарауға жіберілмейді.

      Мемлекеттік органның басшысы басқаратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссияның жұмыс органы жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне комиссияның жұмысы туралы есепті ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 54; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491; 26.01.2018 № 34; 20.04.2019 № 216 қаулыларымен.

      16. Комиссияның/жұмыс тобының төрағасы/жетекшісі оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия/жұмыс тобы жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және комиссия/жұмыс тобы әзiрлейтiн шешiмдер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

      16-1. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін күнін, уақытын және орнын комиссия төрағасы айқындайды.

      Комиссия отырыстары, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып саналады.

      Ескерту. 4-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 54 қаулысымен.

      17. Комиссияның/жұмыс тобының отырыстары өткізілгеннен кейін комиссияның/жұмыс тобының хатшысы электрондық құжат форматында хаттаманы ресімдейді.

      Хатшы комиссияның/жұмыс тобының мүшесi болып табылмайды.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06 N 251; 09.04.2014 N 329; 26.01.2018 № 34 қаулыларымен.

      18. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және хаттама жобасын қоса бере отырып, оларды жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын жұмыс тобының мүшелеріне ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.01.2018 № 34 қаулысымен.

      19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық және/немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жіберу арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға/жетекшi дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жіберіліп, осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның/жұмыс тобының есеп-хатына қоса берілуге тиіс.

      Комиссияның/жұмыс тобының отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде төраға ЭЦҚ арқылы қол қоятын электрондық құжат форматындағы хаттама жасалады.

      Комиссияның/жұмыс тобы мүшелерінің хаттаманы келісу нәтижелері туралы хатшының анықтамасы хаттамаға қоса беріліп, ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында төрағаның атына жіберіледі. Анықтамада отырысқа қатысқан комиссияның/жұмыс тобының әрбір мүшесінің комиссияның/жұмыс тобының әрбір шешімі бойынша жеке дауыс беру нәтижелері, оның ішінде негізді себептері көрсетіле отырып, шешім қабылдауға қолдау көрсеткен дауыстардың жалпы саны, шешім қабылдауды қолдамаған дауыстардың жалпы саны, сондай-ақ хаттамаға қол қою мүмкіндігі туралы қорытынды көрсетіледі.

      Егер қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру парағында көзделмеген шешімдер болса, комиссия хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттаманың жобасын жасап, комиссияның/жұмыс тобының мүшелеріне дауыс беру үшін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жібереді.

      Хаттама жобасын алғаннан кейін комиссияның/жұмыс тобының мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды жіберу арқылы дауыс беруі қажет. Егер комиссияның/жұмыс тобының мүшесі белгіленген мерзімде дауыс бермесе, хаттама жобасына ескертулерсіз дауыс берілді деп саналады.

      Егер комиссияның/жұмыс тобының құрамында ЭЦҚ-сы жоқ жекелеген мүшелер болса, дауыс беру осы Нұсқаулықтың 19-тармағында көзделген хаттамаға қоса берілетін, хатшының анықтамасында нәтижелері көрсетілетін дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.01.2018 № 34 қаулысымен.

      19-1. Комиссиялардың/жұмыс топтарының дауыс беру парақтары қоса берілген материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды:

      1) комиссияны/жұмыс тобын мемлекеттік органның лауазымды адамы басқарған жағдайда – комиссияның/жұмыс тобының жұмыс органы;

      2) комиссияны/жұмыс тобын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басқарған жағдайда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.

      Ескерту. Нұсқаулық 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.09.2016 № 551 қаулылармен.

5. Комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін тоқтату

      20. Комиссия/жұмыс тобы қызметін тоқтатуға:

      1) комиссия/жұмыс тобы қызметі мерзімінің аяқталуы;

      2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелген міндеттердің орындалуы;

      3) бұрын комиссияға/жұмыс тобына жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге комиссияның/жұмыс тобының құрылуы;

      4) комиссия/жұмыс тобы міндетінің орындалуына мүмкіндік бермейтін не орның орындалуын қажет етпейтін өзге мән-жайлар негіз болады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

      21. Комиссияның/жұмыс тобының қызметiн тоқтату үшiн осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетiлген жағдайлар туындаған немесе комиссияның/жұмыс тобының құрамына немесе функцияларына өзгерiстер енгiзу қажет болған кезде комиссияның жұмыс органы болып табылатын не лауазымды адамы жұмыс тобының жетекшiсi болып табылатын мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң тиiстi жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне уақтылы енгiзедi.

      Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы немесе оның орынбасары жұмыс тобының жетекшiсi болып табылған жағдайда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi өкiмiн жұмыс тобы жетекшiсiнiң тапсырмасы бойынша осындай тапсырмада көрсетiлген мемлекеттiк орган енгiзедi.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 613 қаулысымен.

      22. алынып тасталды

      23. Комиссияның/жұмыс тобының қызметін тоқтатуға әкеп соғатын жағдай туындаған кезде Премьер-Министрдің Кеңсесіне оған сәйкес комиссия/жұмыс тобы құрылған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң күшi жойылды деп тану туралы шешiмнiң жобасымен бiр мезгiлде оның атқарған жұмысы туралы есеп-хат жіберіледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 613 қаулысымен.

      24. Есеп-хат:

      1) комиссия/жұмыс тобы әзірлеген қорытынды құжаттан;

      2) комиссия/жұмыс тобы өз қызметін тоқтатуды қажет деп есептеуінің негіздерін қамтиды.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

      25. алынып тасталды

5-1. Жедел жұмыс топтары

      Ескерту. 5-1 бөліммен және 25-1, 25-2, 25-3, 25-4-тармақтармен
      толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.10. N 696 қаулысымен .

      25-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары мен Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ нақты проблемалар бойынша және түрлi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерiн тарта отырып кiдiрiссiз және жедел шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында жедел жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.

      Жедел жұмыс топтары өздерiнiң мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылмайды, олардың арасындағы мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қызметiнiң тиiстi бағыттары бойынша тиiстi ұсынымдар (ұсыныстар) әзiрлеуге арналған.

      Ескерту. 25-1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

      25-2. Жедел жұмыс топтарының қызметi, әдетте, қысқа мерзiмдi (3 айдан аз) сипатта болады және тиiстi проблема және/немесе мәселе бойынша бiрмәрте ұсынымдық шешiм қабылдаумен аяқталады.

      Жедел жұмыс топтарының құрамына әдетте, жедел жұмыс тобына жүктелген мiндеттердi тiкелей атқарушылар, сондай-ақ олардың келiсiмi жағдайында мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың мамандары кiредi.

      25-3. Жедел жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарының және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының шешiмi бойынша құрылады.

      Жедел жұмыс тобының құрамын, оның мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы бекiтедi.

      Ескерту. 25-3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

      25-4. Жедел жұмыс тобының қызметi осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.

      Жедел жұмыс тобының қызметiн тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдайлар пайда болған кезде, жедел жұмыс тобының жетекшiсi iстелген жұмыстар туралы есеп-хат ұсынады.

      Премьер-Министрдiң орынбасары және/немесе Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы жедел жұмыс тобының қорытындыларына келiсiм бiлдiрген жағдайда, оның қызметi тоқтатылған болып есептеледi.

      Ескерту. 25-4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.06. N 251 қаулысымен.

6. Ерекше жағдайлар

      26. Осы Нұсқаулық төтенше жағдайлар туындаған кезде комиссия/жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдауға қолданылмайды.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы консультациялық-кеңесші
органдар мен жұмыс топтарын құру
тәртібі, қызметі мен таратылуы
туралы нұсқаулыққа қосымша

Комиссиялар/жұмыс топтары мүшелерінің
ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ

      Ескерту. Нұсқаулық қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.01.2018 № 34 қаулыларымен.

      ___________________________________________

      Т.А.Ә., лауазымы

      № мәжіліс күні:

Мәселе №

Мәселенің мазмұны

Шешім жобасы

Комиссия/жұмыс тобы мүшесінің шешімі

қолдаймын

қолдамаймын

пысықталсын

күн тәртібінен алып тасталсын

ескертпе (егер шешімді қолдаса, толтырылмайды)

1.









      ____________________

      қолы

      Ескертпе: тікелей комиссияның/жұмыс тобының отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.

Об утверждении Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247.

      Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 10 мая 2000 г. N 696.

      В целях упорядочения деятельности консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп Правительство Республики Казахстан постановляет:

      Сноска. В преамбулу внесены изменения постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251.

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп.

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 10 мая 2000 г. N 696.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утверждена
Постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 16 марта 1999 года N 247

Инструкция о порядке создания, деятельности и
ликвидации консультативно-совещательных органов при
Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп

      Сноска. В заголовок внесены изменения - постановлением Правительства РК от 10 мая 2000 г. N 696.

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция регулирует вопросы создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан (далее - комиссий), создаваемых в соответствии со статьей 26 Конституционного закона Республики Казахстан "О Правительстве Республики Казахстан" и рабочих групп. К комиссиям, создание которых прямо предусмотрено законодательными актами, настоящая Инструкция применяется в части, не противоречащей соответствующим законодательным актам.

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 10 мая 2000 г. N 696.

      2. Комиссии образуются для выработки предложений по вопросам, отнесенным к компетенции Правительства Республики Казахстан.

      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 марта 2004 г. N 279; от 10 февраля 2005 г. N 135.

      2-1. Премьер-Министр Республики Казахстан возглавляет комиссии по особо важным вопросам, в последующем требующим принятия коллегиального решения членов Правительства Республики Казахстан. В состав комиссий, возглавляемых Премьер-Министром Республики Казахстан, включаются первые руководители государственных органов или лица, исполняющие их обязанности, или должностные лица со статусом не ниже заместителей первых руководителей государственных органов без права замены.

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан возглавляет комиссии по вопросам, отнесенным к его компетенции в соответствии с распределением обязанностей между Премьер-Министром Республики Казахстан и его заместителем либо по поручению Премьер-Министра Республики Казахстан. В состав комиссий, возглавляемых заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан, включаются должностные лица со статусом не ниже заместителей первых руководителей государственных органов без права замены.

      Комиссии, создаваемые для выработки предложений по межотраслевым и межведомственным вопросам, возглавляются иными членами Правительства Республики Казахстан.

      Должностные лица государственных органов, являющиеся членами таких комиссий, должны быть со статусом не ниже директора департамента.

      Сноска. Инструкция дополнена пунктом 2-1 - постановлением Правительства РК от 10 февраля 2005 г. N 135; внесены изменения постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 26.01.2018 № 34.

      3. Рабочие группы создаются для выработки предложений по конкретным проблемам и вопросам, отнесенным к компетенции Правительства Республики Казахстан. Деятельность рабочих групп, как правило, носит краткосрочный характер (менее 6-ти месяцев) и исчерпывается единократным принятием решения по соответствующей проблеме и/или вопросу. В состав рабочих групп включаются непосредственные исполнители задачи, возложенной на рабочую группу.

      Сноска. В пункт 3 внесены изменения постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251.

      4. Решения комиссий и рабочих групп носят рекомендательный характер.

      5. Комиссии при Правительстве Республики Казахстан и рабочие группы образовываются и ликвидируются распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2015 № 613.

2. Порядок образования комиссий и рабочих групп

      6. Состав и при необходимости Положение о комиссии, а также состав рабочей группы, ее задачи определяются распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан.

      Организация и порядок работы комиссии осуществляются в соответствии с настоящей Инструкцией, о чем указывается в Положении о комиссии.

      При этом в Положении о комиссии предусматриваются задачи, периодичность заседаний комиссии, а также рабочий орган.

      Персональный состав комиссии на основе утвержденного должностного состава определяется протокольным решением.

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 04.02.2016 № 54.

      7. Образование комиссии или рабочей группы инициируется государственным органом в случаях, когда решение определенного вопроса выходит за пределы его компетенции, затрагивает сферу деятельности других государственных органов либо ему требуется содействие этих органов или Правительства Республики Казахстан. В этих случаях государственный орган, инициирующий образование комиссии или рабочей группы, запрашивает предложения всех заинтересованных государственных органов, организаций и иных лиц о возможном участии в их деятельности по соответствующей проблеме или вопросу.

      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 марта 2004 г. N 279.

      8. Государственный орган, инициирующий образование комиссии или рабочей группы, представляет в Правительство Республики Казахстан справку-обоснование необходимости образования комиссии/рабочей группы (стадия предварительного согласования), предусматривающую:

      1) основания образования комиссии/рабочей группы;

      2) задачи, которые будут возложены на комиссию/рабочую группу;

      3) министерство либо ведомство, на которое будет возложено исполнение функций рабочего органа комиссии;

      4) должностное лицо, которое будет возглавлять комиссию/рабочую группу, а также предложения государственных органов, организаций и иных лиц по кандидатурам в состав комиссии/рабочей группы;

      5) в случае необходимости - источники финансирования деятельности комиссии/рабочей группы;

      6) срок деятельности комиссии/рабочей группы;

      7) иные обстоятельства, связанные с необходимостью образования комиссии/рабочей группы.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 5 марта 2004 г. N 279; от 10 февраля 2005 г. N 135; от 04.02.2016 № 54.

      9. Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан не позднее чем в 10-дневный срок рассматривает предложение государственного органа, инициирующего образование комиссии/рабочей группы, и выносит одно из следующих решений:

      1) соглашается с предложением государственного органа, инициирующего образование комиссии/рабочей группы;

      2) (исключен - постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251);

      3) не принимает предложение об образовании комиссии/рабочей группы с направлением инициирующему органу обоснованного ответа.

      10. В случае, предусмотренном подпунктом 1) пункта 9 настоящей Инструкции, государственный орган, инициирующий образование комиссии/рабочей группы, разрабатывает и вносит в Правительство проект распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан, согласованный с заинтересованными министерствами и ведомствами в соответствии с Регламентом Правительства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 04.02.2016 № 54.

      11. В случаях, когда образование комиссии либо рабочей группы предусмотрено законом или актом Правительства Республики Казахстан, либо осуществляется по инициативе Премьер-Министра, его заместителей или Канцелярии Премьер-Министра, предварительное согласование проекта распоряжения Премьер-Министра об образовании комиссии с Канцелярией Премьер-Министра, предусмотренное пунктами 7 и 8 настоящей Инструкции, не требуется.

      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правительства РК от 26.01.2018 № 34.

      12. В должностной состав комиссий/рабочих групп включаются представители тех министерств, ведомств и организаций, в компетенцию которых в соответствии с законодательством входит решение задач, возложенных на комиссию/рабочую группу.

      В отдельных случаях в состав комиссий/рабочих групп могут быть персонально включены представители научных, неправительственных и других организаций, ученые, специалисты и иные лица по согласованию с ними.

      Члены комиссий/рабочих групп принимают участие в их деятельности без права замены.

      Сноска. Пункт 12 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

3. Задачи комиссии/рабочей группы

      Сноска. Глава 3 в редакции постановления Правительства РК от 04.02.2016 № 54.

      13. Задачи комиссии/рабочей группы устанавливаются в распоряжении Премьер-Министра.

4. Органы комиссии/рабочей группы

      14. Органы комиссии/рабочей группы:

      1) рабочий орган (действует только в комиссии);

      2) председатель/руководитель;

      3) заместитель председателя/руководителя;

      4) секретарь;

      5) (исключен - N 135 от 10.02.2005 г.)
      Сноска. В пункт 14 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 5 марта 2004 г. N 279; от 10 февраля 2005 г. N 135.

      15. Рабочий орган комиссии, которым является государственный орган, инициировавший ее создание, должностное лицо, которое является председателем комиссии, либо иная организация указывается в Положении о комиссии.

      Рабочий орган в целях обеспечения деятельности комиссии:

      1) осуществляет организационно-техническое обеспечение работы комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены в формате электронного документа, подписанного ЭЦП секретаря, членам комиссии за семь рабочих дней до проведения заседания комиссии, возглавляемой Премьер-Министром Республики Казахстан либо его заместителями, с приложением проекта протокола или за три рабочих дня до проведения заседания комиссии, возглавляемой должностным лицом государственного органа, с приложением проекта протокола;

      2) приглашает на заседания комиссии представителей государственных органов, иных организаций и лиц (по согласованию);

      3) запрашивает необходимую информацию от государственных органов, иных организаций и лиц (по согласованию);

      4) привлекает специалистов государственных органов, иных организаций и лиц (по согласованию).

      Вопросы, материалы к которым внесены с нарушением сроков, установленных подпунктом 1) настоящего пункта, а также поднимаемые вне повестки проводимого заседания, к рассмотрению не допускаются.

      Рабочий орган комиссии при Правительстве Республики Казахстан, возглавляемой руководителем государственного органа раз в год, не позднее 20 числа месяца, следующего за отчетным годом, представляет в Правительство Республики Казахстан отчет о работе комиссии.

      Сноска. Пункт 15 в редакции постановления Правительства РК от 04.02.2016 № 54; с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 19.08.2017 № 491; от 26.01.2018 № 34; от 20.04.2019 № 216.

      16. Председатель/руководитель комиссии/рабочей группы руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений и несет в соответствии с действующим законодательством персональную ответственность за деятельность, осуществляемую комиссией/рабочей группой, а также межотраслевую, межведомственную координацию и за решения, вырабатываемые комиссией/рабочей группой. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      Сноска. В пункт 16 внесены изменения постановлением Правительства РК от 06.04.2006 N 251.

      16-1. Повестка дня заседания, а также дата, время и место проведения определяются председателем комиссии.

      Заседание комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей от общего числа членов комиссии.

      Сноска. Глава 4 дополнена пунктом 16-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 04.02.2016 № 54.

      17. После проведения заседания комиссии/рабочей группы секретарь комиссии/рабочей группы оформляет протокол в формате электронного документа.

      Секретарь не является членом комиссии/рабочей группы.

      Сноска. В пункт 17 внесены изменения постановлениями Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251; от 09.04.2014 № 329; от 26.01.2018 № 34.

      18. Организационно-техническое обеспечение работы рабочей группы осуществляет государственный орган, инициировавший ее создание, который готовит предложения по повестке дня заседания рабочей группы, необходимые документы, материалы и направляет их членам рабочей группы в формате электронного документа, подписанного ЭЦП, за семь рабочих дней до проведения заседания рабочей группы с приложением проекта протокола.

      Сноска. Пункт 18 в редакции постановления Правительства РК от 26.01.2018 № 34.

      19. Решения Комиссии/рабочей группы принимаются открытым и/или закрытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии/рабочей группы. Голосование проводится путем направления листа голосования по форме согласно приложению к настоящей Инструкции в формате электронного документа, подписанного ЭЦП. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель/руководитель.

      Члены комиссии/рабочей группы имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, должно быть направлено в формате электронного документа, подписанного ЭЦП, и приложено к письму-отчету Комиссии/рабочей группы, предусмотренному пунктом 24 настоящей Инструкции.

      По результатам проведения заседаний комиссии/рабочей группы и на основании листов голосования в течение 5 (пяти) рабочих дней составляется протокол в электронном формате, подписываемый председателем посредством ЭЦП.

      К протоколу прикладывается справка секретаря о результатах согласования протокола членами комиссии/рабочей группы, направляемая на имя председателя в формате электронного документа, подписанного ЭЦП. В справке указываются результаты голосования каждого члена комиссии/рабочей группы, присутствовавшего на заседании, отдельно по каждому решению Комиссии/рабочей группы, в том числе общее количество голосов, поддержанных за принятие решения, общее количество голосов, неподдержанных за принятие решения с указанием аргументированных причин, а также заключение о возможности подписания протокола.

      В случае, если по рассматриваемым вопросам имелись решения, не предусмотренные листом голосования, секретарем комиссии в течение 2 (двух) рабочих дней составляется проект протокола, который направляется членам комиссии/рабочей группы для голосования в формате электронного документа, подписанного ЭЦП.

      В течение 3 (трех) рабочих дней после получения проекта протокола членам комиссии/рабочей группы необходимо проголосовать путем направления писем в формате электронного документа, подписанного ЭЦП. В случае, если член комиссии/рабочей группы не проголосовал в установленный срок, проект протокола считается проголосованным без замечаний.

      В случае, если в составе комиссии/рабочей группы имеются отдельные члены, не имеющие ЭЦП, голосование проводится путем заполнения листа голосования, результаты которого отражаются в справке секретаря, прилагаемой к протоколу, предусмотренной пунктом 19 настоящей Инструкции.

      Сноска. Пункт 19 в редакции постановления Правительства РК от 26.01.2018 № 34.

      19-1. Учет и хранение материалов и протокольных решений комиссий/рабочих групп с приложением листов голосования осуществляют:

      1) рабочий орган комиссии/рабочей группы – в случае когда комиссия/рабочая группа возглавляется должностным лицом государственного органа;

      2) Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан – в случае когда комиссия/рабочая группа возглавляется Премьер-Министром Республики Казахстан либо его заместителями.

      Сноска. Инструкция дополнена пунктом 19-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329; в редакции постановления Правительства РК от 29.09.2016 № 551.

5. Прекращение деятельности комиссий и рабочих групп

      20. Основаниями прекращения деятельности комиссии/рабочей группы служат:

      1) истечение срока деятельности комиссии/рабочей группы;

      2) выполнение задач, возложенных на комиссию/рабочую группу;

      3) создание государственных органов или иной комиссии/рабочей группы, осуществляющей задачи, которые ранее были возложены на комиссию/рабочую группу;

      4) иные обстоятельства, которые делают задачу комиссии/рабочей группы невыполнимой либо ее исполнение нецелесообразным.

      Сноска. В пункт 20 внесены изменения постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251.

      21. Для прекращения деятельности комиссии/рабочей группы при наступлении обстоятельств, указанных в пункте 20 настоящей Инструкции, или необходимости внесения изменений в состав или функции комиссии/рабочей группы государственный орган, являющийся рабочим органом комиссии либо должностное лицо которого является руководителем рабочей группы, в установленном порядке своевременно вносит в Правительство Республики Казахстан соответствующий проект распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан.

      В случае, если руководителем рабочей группы является Премьер-Министр Республики Казахстан, его заместитель, Руководитель Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан или его заместитель, соответствующее распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан вносится по поручению руководителя рабочей группы государственным органом, указанным в таком поручении.

      Сноска. Пункт 21 в редакции - постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 613.
      22. (Исключен - постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251).

      23. При наступлении обстоятельств, влекущих прекращение деятельности комиссии/рабочей группы, в Канцелярию Премьер-Министра одновременно с проектом решения о признании утратившим силу распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан, в соответствии с которым была создана комиссия/рабочая группа, направляется письмо-отчет о проделанной ею работе.

      Сноска. Пункт 23 в редакции постановления Правительства РК от 07.08.2015 № 613.

      24. Письмо-отчет содержит:

      1) итоговый документ, выработанный комиссией/рабочей группой;

      2) основания, по которым комиссия/рабочая группа считает необходимым прекратить свою деятельность.

      Сноска. В пункт 24 внесены изменения постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251.
      25. (Исключен - постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251).

5-1. Оперативные рабочие группы.

      Сноска. Дополнено разделом 5-1 - постановлением Правительства РК от 10 мая 2000 г. N 696.

      25-1. В целях выработки предложений по вопросам, отнесенным к компетенции заместителя Премьер-Министра и Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, а также по конкретным проблемам и по вопросам, которые требуют безотлагательного и оперативного решения с привлечением представителей различных министерств и ведомств, могут образовываться оперативные рабочие группы.

      О перативные рабочие группы по своему статусу не являются консультативно-совещательными органами Правительства Республики Казахстан, а предназначены для выработки соответствующих рекомендаций (предложений) по соответствующим направлениям деятельности заместителя Премьер-Министра и Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, в соответствии с распределением обязанностей между ними.

      Сноска. В пункт 25-1 внесены изменения постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251.

      25-2. Деятельность оперативных рабочих групп, как правило, носит краткосрочный характер (менее 3-х месяцев) и исчерпывается единократным принятием рекомендательного решения по соответствующей проблеме и/или вопросу.

      В состав оперативных рабочих групп, как правило, входят непосредственные исполнители задачи, возложенной на оперативную рабочую группу, а также специалисты государственных и иных организаций при их согласии.

      25-3. Оперативные рабочие группы образовываются по решению заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан и/или Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан.

      Состав оперативной рабочей группы, ее цели и задачи утверждаются заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан и/или Руководителем Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан.

      Сноска. В пункт 25-3 внесены изменения постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251.

      25-4. Деятельность оперативной рабочей группы прекращается по основаниям, предусмотренным в пункте 20 настоящей Инструкции.

      При наступлении обстоятельств, влекущих прекращение деятельности оперативной рабочей группы, руководителем оперативной рабочей группы представляется письмо-отчет о проделанной работе.

      В случае выражения согласия заместителя Премьер-Министра и/или Руководителя Канцелярии Премьер-Министра с выводами оперативной рабочей группы, ее деятельность считается прекращенной.

      Сноска. В пункт 25-4 внесены изменения постановлением Правительства РК от 6 апреля 2006 года N 251.

6. Особые условия

      26. Настоящая Инструкция не распространяется на принятие решений о создании комиссии/рабочих групп в случаях возникновения чрезвычайных ситуаций.

  Приложение
к Инструкции о порядке создания,
деятельности и ликвидации
консультативно-совещательных органов
при Правительстве Республики Казахстан
и рабочих групп

      Сноска. Инструкция дополнена приложением в соответствии с постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 26.01.2018 № 34.

ЛИСТ ГОЛОСОВАНИЯ

      членов комиссии/рабочей группы

      ___________________________________________

Ф.И.О., должность


      заседание № дата:


Вопроса

Содержание вопроса

Проект решения

Решение члена комиссии/рабочей

поддерживаю

не поддерживаю

доработать

снять с повестки дня

примечание (не заполняется, если решение поддерживается)

1.









      ____________________

      подпись

      Примечание: заполняется непосредственно на заседании комиссии/рабочей группы и передается сотрудникам рабочего органа для учета результатов голосования.