Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік тұқым инспекциясын қайта ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 наурыз N 252. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 342 қаулысымен. ~P000342

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық мемлекеттік тұқым инспекциясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазтұқымсараптама" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорынның негізгі міндеті ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік сапасын тексеру (сараптау) және оларды құжаттау болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы және оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін, оның басшысымен келісім-шарт жасассын және Кәсіпорынды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік

 

кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 


P960790_



қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)

мынадай толықтыру енгізілсін:

     аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың

тізбесінде:

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-2-жолмен толықтырылсын:

     "44-2. "Қазтұқымсараптама" республикалық

            мемлекеттік кәсіпорыны

            (шаруашылық жүргізу құқығында)           Астана қаласы".

     6. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

     1) Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің "Бақылау-тұқымдық

лабораторияларын қайта құру туралы" 1967 жылғы 31 тамыздағы N 636

қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1967 ж., N 7, 47-құжат);

     2) Қазақ ССР Министрлер Советінің 1971 жылғы 24 наурыздағы N 197

өкімінің 1-тармағының б) тармақшасы.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



  Оқығандар:    

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады