Байланыс формасы

"Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 271. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.28. N 2001 қаулысымен. ~P002001

      Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау саласында мемлекеттік монополияны және ғылыми кадрларды даярлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау департаменті "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып мыналар белгіленсін: 
      1) ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерге ғылыми дәрежелер тағайындау мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық істерді оларға қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес қарауды ұйымдастыру; 
      2) ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды сараптауды ұйымдастыру және өткізу; 
      3) жоғары білім және ғылым ұйымдарын аттестациялауға қатысу. 
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. 
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзім ішінде Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  P960790_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік  кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 470-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
     470" Жоғары аттестациялық комиссия"
          республикалық мемлекеттік
          қазыналық кәсіпорны                  Алматы қаласы".

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментінің мәселелері туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 370 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж. N 13, 102-құжат) күші жойылған деп танылсын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады