Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 наурыз N 297. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.30. N 1817 қаулысымен. ~P991817

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы ереже;
      2) <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі

агенттігі төрағасының екі орынбасары болуға рұқсат етілсін.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

  
     3.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.03. N 1301  
              қаулысымен.  

P991301_

 

     4. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда 
министрлігінің Экономикалық жоспарлау жөніндегі комитетінің мәселелері" 
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 шілдедегі N 725 
 

P980725_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 25, 
217-құжат) күші жойылған деп танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     


                                           Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысымен бекітілген


           Қазақстан Республикасының Экономикалық
            жоспарлау жөніндегі агенттігі туралы
                          Ереже
                  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттік әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарларын және жалпы экономикалық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындау және іске асыру кезінде әдістемелік басшылық жасауға, Қазақстан Республикасы мен облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарларының негізгі бағыттарын әзірлеуді ұйымдастыруға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдап, болжап отыруға, салааралық үйлестіруге уәкілетті орган болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде заңдарға сәйкес есеп-шоттары болады. <*>
      Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Егер Агенттікке заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, онда ол

мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

  
     4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген 
тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл 
аумағында міндетті күші бар.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

  
     5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының
Yкiметi бекiтедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

  
     
     6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
     Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2.


      7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi. <*>
      Агенттіктің қызметі мен өкілеттіктері республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырылады және қолданылады.
      Облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің атқарушы органдары болып табылатын экономика басқармалары (комитеттері) жұмыс істейді.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 1 абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
               1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_

      8. Агенттік туралы ереже оның құрылтай құжаты болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 1 абзацы алып тасталды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_

      9. Агенттіктің қызметі тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
      Агенттікке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға отыруға тыйым салынады.
      Егер Агенттікке заң актілерінде табыс түсіретін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      2. Агенттіктің функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары

      10. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) өз құзыретінің шегінде Қазақстан дамуының маңызды көрсеткіштерінің мониторингін, экономикалық талдауын және болжамын жасау;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және іске асыруды әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз ету;
      3) стратегиялық жоспарлардың негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді бағдарламаларын әзірлейді және оларды Үкіметтің қарауына енгізеді;
      4) орталық және атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын жасайды, олардың атқарылуының мониторингін жүзеге асырады және оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуының қорытындылары туралы хабардар етеді;
      6) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етеді, әзірленуін және мониторингін ұйымдастырады;
      7) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады;
      8) техникалық көмекті үйлестіріп отырады;
      9) орталық атқарушы органдардың халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен бірлесіп іске асырылатын бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді;
      10) Агенттіктің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлейді;
      11) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына экономикалық сараптама жасайды;
      11-1) капиталдың қозғалысына байланысты, 10 миллион АҚШ долларына баламдыдан жоғары валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуін (ауысуын) көздейтін операцияларға лицензиялар беруді келісуді жүзеге асырады; <*>
      12) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1486
               қаулысымен. P991486_
      11. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын экономикалық талдау және болжау;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылықты қамтамасыз ету және олардың орындалуын бақылау;
      3) Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлеу жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылық жасау және олардың атқарылуын бақылау;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жөнінде орталық атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру және олардың орындалуын бақылау;
      5) өз құзыретінің шегінде орталық атқарушы органдардың мемлекеттік макроэкономикалық, аймақтық және инвестициялық саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру.
      12. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді бағдарламаларын, мемлекеттік инвестициялар бағдарламаларын және Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларын іске асыруына бақылау жасауға;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын түзету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      4) өз құзыретінің шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
      5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және

шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізуге және келісімдерге қол 
қоюға;
     6) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын сараптама 
және консультациялар жүргізуге тартуға;
     7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер 
мен құжаттар әзірлеу үшін ведомствоаралық топтар және консультативтік 
кеңестер құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
     8) өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы 
бар.
     
                      3. Агенттіктің мүлкі
     
     13. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар.
     Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады 
және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Агенттіктің 
баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
     14. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
     15. Агенттік өзіне бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен алуға немесе 
оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
     Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке иелік ету 
құқығы берілуі мүмкін.
     
                4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
     


      16. Агенттікті Төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Агенттік Төрағасының екі орынбасары болады, оларды Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      17. Агенттіктің төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық етеді және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
      18. Осы мақсатта Агенттіктің төрағасы:
      1) өз орынбасарларының және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері

басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
     2) заңдарға сәйкес Агенттік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және 
қызметтен босатады;
     3) Агенттіктің қызметкерлеріне заңдарда белгіленген тәртіппен 
тәртіптік жаза қолданады;
     4) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды;
     5) Агенттiктiң құрылымын және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері 
туралы ережелерді бекітеді;
<*>

     6) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

  

     19. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi
орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын 
Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. 
              N 1093 қаулысымен.  

P991093_

  
     
                 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     20. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылады 
және таратылады.


                                   Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 наурыздағы N 297 қаулысымен бекітілген


          Қазақстан Республикасының Экономикалық

           жоспарлау жөніндегі агенттігінің
                      Құрылымы
     
     Басшылық
     Макроэкономикалық және аймақтық саясат департаменті
     Инвестициялық саясат департаменті
     Ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы басқармасы
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.
    Омарбекова А.          
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады