Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 наурыз N 304. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.20. N 87 қаулысымен. ~P010087


     Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  

U990006_

  
Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі
туралы ереже;
     2)
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
              1999.08.02. N 1093 қаулысымен.  

P991093_

  
     2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы 
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 1999 жылғы 
19 қаңтардағы N 35  

P990035_

  қаулысының 1-ші тармағы күшін жойды деп 
танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                            Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 26 наурыздағы N 304 қаулысымен бекітілген


           Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
           сатып алу жөніндегі агенттігі туралы
                          Ереже

                   1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі- Агенттік) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу процесін Yкiмет құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттік мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген нысандағы бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. <*>
      Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      Агенттіктің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса,

мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы 
бар.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

  

     4. Агенттік өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген 
тәртіппен Қазақстан Республикасының Барлық аумағында міндетті күші бар 
бұйрықтар шығарады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093          
              қаулысымен.  

P991093_

  
     5. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының
Yкiметi бекiтедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

  
     
     6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
     473000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 37.
     7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
<*>

     8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7,8-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N  
              1093 қаулысымен.  

P991093_

  
     
     9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен 
жүзеге асырылады.
     Агенттікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау 
тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынас жасауға тыйым 
салынады.
     Егер Агенттікке, заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге 
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық 
бюджеттің кірісіне жіберіледі.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.14. N 234          
              қаулысымен.  

P000234_

  
     
            2. Агенттіктің  функциялары, негізгі міндеттері
                         және құқықтары
     
     10. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды:
     1) мемлекеттік сатып алу процестерін үйлестіру және оның 
мониторингі;
<*>

      2) мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және өз құзыретінің шегінде оларды қабылдау; <*>
      2-1) мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебінен сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңдарын қолдану мәселелері бойынша сол заемдар туралы келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу; <*>
      3) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік материалдарды әзірлеу және бекіту;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды, жұмыстарды

және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібіне 
бақылау жасауды жүзеге асыру;
     5) жүргізілген мемлекеттік сатып алулар туралы есептің тәртібін 
белгілеу;
     6) тапсырысшыларға мемлекеттік сатып алуды жүргізу мәселелері бойынша 
әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
     7) республикалық және жергілікті бюджеттер бекіткен көрсеткіштердің 
негізінде тапсырысшылар қалыптастырған сатып алынатын тауарлардың, 
жұмыстардың және қызмет көрсетулердің номенклатурасы мен көлемдеріне 
талдау жасау;
     8) Мемлекеттік сатып алу бюллетенін шығаруды ұйымдастыру;
<*>

     8-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы 
заңдарын қолданудың тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөнінде 
ұсыныстар әзірлеу;
<*>

     9) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің          
              2000.02.14. N 234 қаулысымен.  

P000234_

  
     
     11. Агенттіктің негізгі міндеттері:
     1) мемлекеттік сатып алу процестерін үйлестіру және оның мониторингі;


      2) мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарын сақтауына бақылау жасау;
      3) мемлекеттік сатып алу процестерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру болып табылады.
      12. Агенттіктің қойылған міндеттерді шешу және функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік органдар мен мекемелерден жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы, оның ішінде мемлекеттік сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған сатып алу туралы есептерді, ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға; <*>
      2) өз құзіретінің шегінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдауға;
      3) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуы мен оның жүргізілуіне бақылау жасауға;
      3-1) мемлекеттік сатып алудың рәсімдері бұзылған жағдайда

конкурстардың нәтижелерін қайта қарауға немесе қайтадан конкурстар 
өткізуге бастама жасауға;
<*>

     4) ұсынылған есептік деректердің дұрыстығын тексеруге;
     5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын ақысыз 
негізде, ал мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мамандарды ақылы 
негізде сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін тартуға;
     6) өз құзыретінің шегінде шетелдік мемлекеттердің ұйымдарымен және 
халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға;
     7) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің          
              2000.02.14. N 234 қаулысымен.  

P000234_

  
     
                       3. Агенттіктің мүлкі
     
     13. Агенттіктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
     14. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен 
қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны 
Агенттіктің баласында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
     15. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
     16. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен оқшаулауға немесе 
оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
     Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке 
билік ету құқы берілуі мүмкін.
     
                   4. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
     


      17. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      Агенттік төрағасының орынбасары төраға болмаған жағдайда оның міндетін атқарады.
      18. Агенттіктің төрағасы Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылықты жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
      19. Агенттіктің төрағасы осы мақсатта:
      1) өз орынбасары мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының

міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
     2) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды 
және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгіленген тәртіппен:
     Агенттіктің қызметкерлерін көтермелеу жөнінде және оларға материалдық 
көмек көрсету жөнінде шешім қабылдайды;
     Агенттіктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
<*>

     4) бұйрықтар шығарады;
<*>

     5) Агенттiктiң құрылымын және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері 
туралы ережелерді бекітеді;
<*>

     6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
     7) заңдарға сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

  
     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің          
              2000.02.14. N 234 қаулысымен.  

P000234_

  
     
     20. Агенттiк төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi
орган болып табылатын Алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын 
Агенттiктiң төрағасы бекітеді.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 
              қаулысымен.  

P991093_

  
     
        5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
     
     
                         
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.
    Омарбекова А.  
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады