Байланыс формасы

"Алматы" әскери санаторийі және "Бурабай" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 сәуір N 419

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери санаторийлерінің қазіргі бар емдеу-алдын алу базасын сақтау, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін сауықтыру үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Алматы" әскери санаторийі" және "Бурабай" әскери санаторийі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - Кәсіпорындар) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Алматы" әскери санаторийінің мүлкі құрылатын "Алматы" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; 
       Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Бурабай" әскери санаторийінің мүлкі құрылатын "Бурабай" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына берілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.

      4. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы: 
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерін, жұмысшылары мен қызметшілерін санаторийлық-курорттық емдеуді және олардың демалысын жүзеге асыру; 
      2) әскери қызметшілерді оңалтулық емдеу, сауықтыру және медициналық қызметтер көрсету; 
      3) аурулардың диагностикасы мен оларды емдеудің қазіргі заманғы әдістерін жұмыс практикасына енгізу болып белгіленсін.

      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорындардың жарғыларын әзірлесін және бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады