Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алтын әскер" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 сәуір N 436

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алтын әскер" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, өзін - Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган деп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы:
      1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің басқа да жүйелері салаларында шаруашылық қызметті, сондай-ақ заңдармен тыйым салынбаған өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен әскери-техникалық ынтымақтастығын ұйымдастыру деп айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оны әділет органында тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады