"Ақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 сәуір N 440

      Құқықтық статистика және ақпарат орталығы мен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша) Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің міндетін жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы мен прокуратура органдарының жұмыс жағдайларын материалдық-техникалық және басқа да жағынан қамтамасыз ету, ғимараттарының, құрылғыларының, жабдықтарының, инженерлік жүйелерінің, көлік құралдарының, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерінің және өзге де мүлкінің пайдаланылуын жүзеге асыру болып белгіленсін.
      Кәсіпорынның өзге қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру, жарғысын бекіту және белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды әділет органдарында тіркеуден өткізу ұсынылсын.

     5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады