Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 сәуір N 463

      Экономиканың аграрлық секторын басқаруды ақпараттық-статистикалық қамтамасыз ету мақсатында және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы ұсынысын ескере Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы (мұнан әрі - Санақ) 2006-2007 жылдары өткізілсін. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.02.21. N 268  қаулысымен , 2000.09.27. N 1464  қаулысымен ,  2001.12.20. N 1666   қаулысымен , 2005.05.10. N 440 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз)  қаулысымен .
      2. Санаққа дайындық өткізу, оның нәтижелерін өңдеу мен жариялау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып екі ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Санаққа жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы ұсыныс енгізсін. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2005-2008 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде Санақты дайындау мен ұйымдастыруға қажетті қаражат көздесін.<*>
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.02.21. N 268  қаулысымен , 2000.09.27. N 1464  қаулысымен , 2005.05.10. N 440 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз)  қаулысымен .
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады