Байланыс формасы

"Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесін "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 488

      "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттiк мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.30. N 1817
қаулысымен .
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837
қаулысымен . ("Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынына қатысты 2002 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданады).

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, Жарғысын бекiтсiн және Кәсiпорынды белгiленген тәртiппен әдiлет органдарында тiркесiн.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады