Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 518. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.23. N 1776 қаулысымен. ~P991776

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 P990206_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті" және "Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы" бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:

     "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер 
ресурстарын басқару жөніндегі комитеті"
     3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер 
ресурстарын басқару жөніндегі комитеті туралы ережені бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 369  

P980369_

 
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 100-құжат)
күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                              Үкіметінің 
                                         1999 жылғы 29 сәуірдегі
                                            N 518 қаулысымен
                                               бекітілген
     
        Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
          Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті туралы
                              Ереже
                        1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті шегінде арнайы атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мемлекеттік басқару саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де құқықтық нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. <*>
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Комитеттің, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші болатын актілер шығарады.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093
               қаулысымен. P991093_
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
      Астана қаласы. 473000, Желтоқсан көшесі, 41
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
      8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Комитеттің қызметін қаржыландыру, тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
      Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тиым салынады.
      Егер Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.

             2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      10. Комитеттің негізгі міндеттері:
      1) жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) жер реформасын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, оның ғылыми, кадрлық және әдістемелік қамтамасыз ету, жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
      3) жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастыру және жүргізу;
      4) Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйі туралы деректердің банкін құру;
      5) жерлерді аймақтауды ұйымдастыру;
      6) жерлердің пайдаланылуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
      11. Комитет заңда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) жер заңдарының қолданылу практикасын қорытады, оны жетілдіру жөнінде ұсыныс әзірлейді;
      2) жер заңдарының бұзылуын жоюға шаралар қолданады;
      3) қолда бар жерлер және олардың: санаттар, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иелері және жерді пайдаланушылар бойынша бөлінуі туралы, жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы, бүлінген жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есепті жасайды.
      4) мемлекеттік республикалық картографиялық-геодезиялық қорды және республика аумағы жер ресурстарының картографиялық қорын жүргізеді.
      5) республика аумағының геоақпараттық жүйесін құрады;
      6) мемлекеттік құпияға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсіру материалдарын пайдаланудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ олардың мекемелердегі есебін, көбейтілуін және сақталуын бақылауды ұйымдастырады;
      7) халықаралық ұйымдарда геодезия және картография мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді, басқа елдердің геодезиялық қызметтерімен қарым-қатынас жасайды;
      8) жер үшін төлем белгілеу жөнінде ұсыныс әзірлейді;
      9) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу, жерлерді пайдалану және қорғау, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      10) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындайды;
      11) мемлекет жеке меншікке сатқан, пайдалануға берген кезде және оларды кепілге берген кезде нақты жер учаскелерінің (жер пайдалану құқығы) құнын айқындайды;
      12) пайдаланылмаған жерлер мен заңдарды бұзу арқылы пайдаланылып отырған жерлерді анықтайды;
      13) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық, облыстық аудандық бағдарламаларға, сызбаларға және жобаларға сараптама жүргізеді;
      14) жер реформасын жүргізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық, жобалау-іздестіру жұмыстарына мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады;
      15) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың белгіленген тәртіппен жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық, инженерлік-геодезиялық, маркшейдерлік, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеулік және іздестіру жұмыстарын жүргізу тұрғысындағы қызметін үйлестіреді;
      16) жерге құқықтық куәландыратын құжаттарды дайындайды және береді;
      17) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Комитеттің заңдарда белгіленген тәртіппен негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жерді пайдалану және қорғау мәселелері жөнінде қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
      2) атқарушы органдардың қарауына заң актілерінде көзделген негіздемелер бойынша жерді пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
      3) жергілікті атқарушы органдардың жер туралы заңдарға қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
      4) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды жүзеге асыруға;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

                      3. Комитеттің мүлкі

      13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      15. Комитеттің бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

                  4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
      17. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
      18. Төраға осы мақсатта:
      1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері

басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
     2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін, аумақтық органдар 
мен ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың 
басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне 
тәртіптік жаза қолданады;
     4) бұйрықтарға қол қояды;
     5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
     6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан 
өкілдік етеді;
     7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді 
жүзеге асырады.
     
                  5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
                                    Қазақстан Республикасы
                                         Үкіметінің
                                    1999 жылғы 29 сәуірдегі
                                        N 518 қаулысымен
                                           бекітілген
     
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер
           ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің
                           Құрылымы
     
     Басшылық
     Жерге орналастыру және жер рыногы бөлімі
     Мемлекеттік жер инспекциясы бөлімі
     Жер кадастры және мониторингі бөлімі
     Геодезия, картография және геоақпараттық технологиялар бөлімі
     Экономикалық болжамдау және маркетинг бөлімі
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің
                                      1999 жылғы 29 сәуірдегі
                                         N 518 қаулысымен
                                            бекітілген
     
        Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер
     ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың
                          Тізбесі
     


      1. "Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
      2. "Мемлекеттік ауылшаруашылық аэрофотогеодезиялық іздестіру

институты (МААІИ)" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (шаруашылық 
жүргізу құқығында).
     3. "Ақмолатопогеодезия" Ақмола топографиялық-геодезиялық 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     4. "Ақтөбегеодезия" Ақтөбе картографиялық-геодезиялық 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     5. "Талдықорғангеодезия" Талдықорған топографиялық-геодезиялық  
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     6. "Талғаргеодезия" Талғар картографиялық-геодезиялық 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     7. "Семейгеодезия" Семей картографиялық-геодезиялық республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     8. "Жамбылгеодезия" Жамбыл картографиялық-геодезиялық 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     9. "Қарағандымаркшейдер" Қарағанды топографиялық-маркшейдерлік  
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     10. "Көкшетаугеодезия" Көкшетау картографиялық-геодезиялық  
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     11. "Шымкентгеодезия" Оңтүстік Қазақстан 
топографиялық-геодезиялық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     12. "Инжгеодезия" Алматы инженерлік-геодезиялық іздестіру 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     13. "Қазгеодезияның орталық картографиялық геодезиялық қоры (ОКГҚ)
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 
     14. "Картография" Қазгеодезияның республикалық мемлекеттік 
қазыналық картографиялық кәсіпорны. 
     15. "Картографиялық және геоақпараттық жүйелер ғылыми-өндірістік 
кәсіпорны" (Картақпарат ҒОК) республикалық мемлекеттік қазыналық 
кәсіпорны. 
      
     
 Оқығандар:
 Қобдалиева Н.   
 Омарбекова А.          
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады