Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 мамыр N 570

      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің және оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың қызметін материалды-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің және оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың мүлкін басқару жөніндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетімен бірлесе отырып Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырсын;
      2) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады