"Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында біліктілікті арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 мамыр N 582

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы  N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында біліктілікті арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. 
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы: стандарттау, сапаны басқару, метрология және сертификаттау саласында кадрларды қайта даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру болып белгіленсін. 
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті бір ай мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін, Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын және заңдарда белгіленген тәртіппен оны тіркеуді қамтамасыз етсін. 
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады