Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 мамыр N 629

      Республиканың су ресурстарының басқару құрылымдарын қаржы-экономикалық сауықтыру және оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мына республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
      1) "Оңтүстіксушар", оған "Бадам су қоймасын пайдалану жөніндегі басқарма", "Арыс-Түркістан каналын пайдалану жөніндегі басқарма", " Қызылқұм су шаруашылығы жүйелері басқармасы", "37-мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонна", "11-мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонна", "79-мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонна" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен;
      2) "Бартоғай су қоймасы мен Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын пайдалану жөніндегі басқарма", оған "41-мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонна (41-ЖМК)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен;
      3) "Қостанайсушар", оған "Қостанай бірлесіп пайдаланылатын су қоймалары басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен;
      4) "Союзцелинвод тресі", оған "Көкшетау ауылдық топтық су құбырлары басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен;
      5) "Шығыссушар", оған "Жөндеу-құрылыс" басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен;
      6) "Павлодарсушар", оған "Беловод ауылдық топтық су құбырларын пайдалану басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. "Батыссушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Каменск су құбыры" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат етілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013  № 796қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады