Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беру және 1994 жылғы 30 желтоқсанда "Бұнашам" құрылыс өндірістік-қайта өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына берілген жер қойнауын пайдалану құқығына арналған сериясы МГ N 55 лицензияны "Алтын төбе" тау-кен компаниясы" жабық акционерлік қоғамына қайта ресімдеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 маусым N 740

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Бұнашам" құрылыс өндірістік-қайта өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына 1994 жылғы 30 желтоқсандағы сериясы МГ N 55 лицензияның және 1996 жылғы 30 қазанда жасалған келісімшарттың негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығын "Алтын төбе" тау-кен компаниясы" жабық акционерлік қоғамының пайдасына беруге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күші бар Жарлығының 12-бабының 1-тармағының 2-тармақшасының, 14-бабының 5-тармағының және Азаматтық кодекстің нормаларын сақтай отырып, "Бұнашам" құрылыс өндірістік-қайта өңдеу коммерциялық фирмасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына Шығыс Қазақстан облысының Абай және Жаңа Семей аудандарындағы орналасқан лицензиялық алаңдарды алтынға геологиялық зерделеуге, "Жанан" алтын кен орнын және жаңадан анықталған коммерциялық объектілерді игеру үшін берілген жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1994 жылы 30

 

желтоқсандағы сериясы МГ N 55 лицензияны "Алтын төбе" тау-кен

компаниясы" жабық акционерлік қоғамына қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі

осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады