Байланыс формасы

Ядролық технологиялар және атом энергетикасы саласындағы кейбір ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 759

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес және "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1-қосымшаға сәйкес мекемелер қосу жолымен шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" (бұдан әрі - Ұлттық ядролық орталық) республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің Ұлттық ядролық орталыққа қатысты функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі белгіленсін.
      3. Ұлттық ядролық орталыққа 2-қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат етілсін.
      4. Ұлттық ядролық орталықтың негізгі міндеттері мыналар болып айқындалсын:
      1) босатылған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, ұқсату, көму) және қайта өңдеу;
      2) уранды және басқа бөлшектенетін материалдарды тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғану құралдарын қолдануды қажет қылмай оларды пайдалануға болатын құрамында нормадан тыс мөлшерде радиоактивті заттары бар өнім шығару және сату;
      3) дәрі-дәрмектер, дәрігерлік заттар мен емдеу препараттарын жасау және сату;
      4) атом энергетикасы саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру, шаруашылық жүргізудің арнайы тәртібі белгіленген бұрынғы Семей сынақ полигоны аймағының жер қойнауын пайдалану;
      5) тікелей мемлекеттік басқаруды қажет ететін атом энергетикасын пайдалана отырып энергиямен, жылумен жабдықтау саласында шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
      5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Ұлттық ядролық орталықтың жарғысын бекітсін, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      7. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             1999 жылғы 15 маусымдағы
                                                  N 759 қаулысына
                                                     1-қосымша

    Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының
       Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық  орталығының қайта
             ұйымдастырылатын мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық          Курчатов қаласы
        ядролық орталығы" мемлекеттік мекемесі

     2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық     Курчатов қаласы
        орталығының Атом энергиясы институты"
        мемлекеттік мекемесі

     3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық      Алматы қаласы
        орталығының  Атом энергиясы институтының
        Алматы бөлімшесі" мемлекеттік мекемесі

     4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық      Курчатов қаласы
        орталығының Радиациялық қауіпсіздік және
        экология институты" мемлекеттік мекемесі

     5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық      Курчатов қаласы
        орталығының Геофизикалық зерттеулер
        институты" мемлекеттік мекемесі

     6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық      Алматы қаласы
        орталығының Ядролық физика институты"
        мемлекеттік мекемесі

     7. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық       Курчатов қаласы
        орталығының "Байкал" мемлекеттік мекемесі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                             1999 жылғы 15 маусымдағы
                                                  N 759 қаулысына
                                                     2-қосымша

         Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
     министрлігінің  "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық
         орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
              еншілес кәсіпорындарының тізбесі

      1. Атом энергиясы институты                Курчатов қаласы
      2. Радиациялық қауіпсіздік және экология   Курчатов қаласы
        институты

      3. Геофизикалық зерттеулер институты       Курчатов қаласы
      4. Ядролық физика институты                Алматы қаласы
      5. Байкал                                  Курчатов қаласы

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         1999 жылғы 15 маусымдағы
                                              N 759 қаулысына
                                                 3-қосымша

              Қазақстан Республикасы Үкіметінің
          күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 55 P930055_ қаулысы
      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының құрамында институттар ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қазандағы N 1082 P931082_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 42, 511-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми орталықтарының қызметі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 желтоқсандағы N 1668 P961668 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 511-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады