Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорны тартатын жеке адамдардың қаражатын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 маусым N 794

      "Қазақстан Республикасының почта саласын тұрақтандыру және қаржылай сауықтыру жөніндегі шаралар туралы№Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 661 P990661_ қаулысын іске асыру, Қазақстан Республикасының почта-жинақ жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорны депозиттер ретінде тартатын жеке адамдардың қаражаты тек мемлекеттік құнды қағаздардың бастапқы және қайталама рыноктарына орналастырылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен мемлекеттік құнды қағаздар рыногында мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алудың міндетті көрсетілген көлемін белгілеместен бастапқы дилердің функцияларын орындауға шарт жасассын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (келісім бойынша) Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталармен операцияларға қызмет көрсету туралы шарт жасасу ұсынылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік почтасын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Почта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорнына айналдыру туралы" Қазақстан

 

Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1521 


P951521_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 450-құжат) мынадай

өзгеріс енгізілсін:

     3-тармақтың бірінші абзацы алынып тасталсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



     Оқығандар:

         Омарбекова А.

         Қасымбеков Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады