"Атырау мұнай және газ институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 маусым N 869

      "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына сәйкес, елдің мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін мамандар даярлаудың деңгейін арттыру және ғылыми-техникалық әлеуетті шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атырау мұнай және газ институты "Атырау мұнай және газ институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
      1) республиканың мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті мамандар, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
      2) мұнай, газ және табиғи тұздар саласында ғылыми-зерттеу және технологиялық жұмыстарды жүргізу болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынға қатысты уәкілеттік берілген мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзімде:
      1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады