Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдарды қайта ұйымдастыру және құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 шілде N 922

      Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексiнiң 45-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Мыналар: 
      1) "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталығы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөнiндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны болып қайта құру жолымен; 
      2) "М.Ә.Айтқожин атындағы молекулярлық биология және биохимия" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң "М.Ә.Айтқожин атындағы молекулярлық биология және биохимия" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен; 
      3) "Фармацевтiк биотехнология институты" мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгінiң" Фармацевтiк биотехнология институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен; 
      4) "Өсiмдiктердiң физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң "Өсiмдiктердiң физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен; 
      5) "Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгінiң "Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгі нысанасы: 
      денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсiп үшiн өнiмдер шығару жөнiндегi ғылымды қажет ететiн, экологиялық таза, аз қалдықты және қалдықсыз биологиялық технологиялар мен өндiрiстердi әзiрлеу биотехнология саласында конверсиялық бағдарламаларды iске асыру болып белгiленсiн. 

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң "Орталық дәрiгерлiк қоспаларды биологиялық зерттеу лабораториясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны құрылсын. 
      Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы: 
      жаңа дәрiлiк заттарға биологиялық фармакологиялық және таксикологиялық зерттеулер жүргiзу, оны әзiрлеу және жасау; 
      олардың әсер ету тетiктерiн зерделеудің негiзiнде биологиялық белсендi заттарды алдын ала iрiктеудің клеткалық жүйелерiн әзiрлеу болып белгiленсiн. 

      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқаруға өкiлеттi орган, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 

      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi: 
      1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекiтсiн және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады