Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілде N 930 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 374 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 374 Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930 Қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасын және 2, 3-тармақтарын қоспағанда күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1114 қаулысымен .
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1114 қаулысымен .
      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi осы қаулыға қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.15. N 1127 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру депаратментінің мүліктік және өзге де құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі статистикалық және талдаулық ақпаратпен қамтамасыз етілетін мемлекеттік органдардың тізбесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін және оның аумақтық органдарын көздесін.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 желтоқсандағы N 1751 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 53, 487-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1135 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 40, 365-құжат).

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
1999 жылғы 5 шiлдедегi   
N 930 қаулысымен    
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi <*>

      1. Астана қаласы мемлекеттiк Мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      2. Ақмола мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      3. Алматы қаласы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      4. Алматы мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      5. Ақтөбе мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      6. Атырау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      7. Байқоңыр мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      8. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      9. Жамбыл мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      10. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      11. Қарағанды мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      12. Қызылорда мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      13. Қостанай мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      14. Маңғыстау мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      15. Павлодар мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      16. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      17. Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi
      18. Арқалық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
      19. Жезқазған мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi
      20. Жетiсу мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитеті
      21. Семей мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитетi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады