"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде N 951

       Атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456  қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456  қаулысымен .
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізуді;<*>
      2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.29. N 456 қаулысымен.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
1999 жылғы 9 шілдедегі   
N 951 қаулысымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1119  қаулысымен .

      3. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекет үлестік қатысатын шаруашылық серіктестіктерінің тізілімі туралы ережеде:
      5-тармақтың күші жойылды деп танылсын.

      4. <*>
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1129  қаулысымен .
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады