"Мемлекеттік қаржы жүйесінің ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету орталығы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 шілде N 956. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.05. N 1501 қаулысымен. ~P001501

      Ақпараттандыру процесiн интеграциялау мен бiрдейлендiру және мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыруға жұмсалатын шығындарды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) 1999 жылдың 20 шiлдесiне дейiн мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен Қаржы жүйесiн ақпараттандыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен "Банкаралық және қаржы телекоммуникацияларының орталығы" жабық акционерлiк қоғамын жарғылық капиталына мемлекет 100 % қатысатын "Мемлекеттiк қаржы жүйесiнiң ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету орталығы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - АТҚО) етiп құра отырып бiрiктiру жүргiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1999 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде АТҚО-ға қажеттi жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудi берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң және Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң келiсiмi бойынша 1999 жылдың 20 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде АТҚО-ның жарғысын бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 1999 жылдың

 

1 тамызына дейiнгi мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен АТҚО-ны

тiркесiн.

     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан

Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан 

Республикасының Ұлттық Банкiне АТҚО акцияларының мемлекеттiк пакетiн

бара-бар негiзде иелену мен пайдалануға уәкiлеттiк берiлсiн.

     6. АТҚО-ның акционерлік жиналысына АТҚО директорлар кеңесін мына

құрамда сайлауға  ұсыныс берілсін:


     Абдуллина                 - Ұлттық Банк төрағасының

     Нәйла Құрманбекқызы         орынбасары (келісім бойынша)


     Әбдірахманов              - "Банкаралық және қаржы

     Болат Қамарханұлы           телекоммуникацияларының

                                 орталығы" ЖАҚ-ның директоры


     Бектасов                  - Қазақстан Республикасының

     Әбен Ағыбайұлы              Мемлекеттік кіріс вице-министрі


     Нұрпейісов                - Қазақстан Республикасының

     Қайрат Айтмұхамбетұлы       Мемлекеттік кіріс вице-министрі


     Жәмішев                   - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Болат Бидахметұлы           вице-министрі


     Исин                      - "Қаржы жүйесін ақпараттандыру

     Нұрлан Құрманғалиұлы        орталығы" РМК директоры



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:    

   Қобдалиева Н.

   Орынбекова Д.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады