Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 шілде N 968. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.11.29. N 1807 қаулысымен. ~P991807

        "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 P990657_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет;";
      2) аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      10-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жұмылдыру дайындығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;";
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі жоспарланған шараларды

ұйымдастыруға және жүргізуге орталықтандырылған басшылық;".
     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия  және сауда 
министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру 
туралы ұсыныстар енгізсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
    Оқығандар:
   Орынбекова Д.
   Кобдалиева Н.       
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады