Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 шілдедегі N 969 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 04 шілдедегі N 661 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1997 ж., N 43, 396-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдері былай жүзеге асырылады:
      1) төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі кезеңде кемінде 10 жыл тұрған азаматтарға "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
      еркектерге - 50 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемінде 25 жыл болған жағдайда;
      әйелдерге - 45 жасқа толғанда және жалпы жұмыс стажы кемінде 20 жыл болған жағдайда;
      2) ауылдық жерлерде тұратын, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 50 жасқа толғанда аталған зейнетақы жасын 1998 жылдың 1 шілдесінен бастап жыл сайын 6 айға өсіре отырып, бірақ тұтастай алғанда 3 жылдан аспауы тиіс".
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады