"Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Рузаев ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы" республикальқ мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгіне беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 шілде N 1003

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Рузаев ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі заңдардың талаптарына сәйкес Кәсiпорынды республикалық меншiктен Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк қайта ресiмдеудi қамтамасыз етсiн және осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады