Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 шілде N 1055

      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының "Орталық ғылыми кітапхана" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің " Орталық ғылыми кітапхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
      1) ғылым, өндіріс, білім және мемлекеттік басқару саласындағы мамандарға кітапханалық-библиографиялоық және ақпараттық қызмет көрсету;
      2) кітапханатану, библиографиятану, кітаптану, қолжазбаларды ғылыми сипаттау және кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру салаларында зерттеу және әдістемелік жұмыстарды орындау деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
      2) оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады