Байланыс формасы

"Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 шілде N 1065

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау республикалық басқармасы мекемесi қайта құру жолымен шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi- Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқарудың органы, сондай-ақ кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi нысанасы мыналар болып белгiленсiн: 
      электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша, оның iшiнде қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектiлердiң жобалары бойынша белгiленген тәртiппен энергетикалық сараптама жүргiзу және қорытындылар беру;<*> 
      энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу тораптарындағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды, сондай-ақ оларда өндiрiстік жарақат алу жағдайларын тексеру кезiнде оған белгiленген тәртіппен қатысу. 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.04. N 167  қаулысымен .

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөніндегi комитет кәсiпорынның жарғысын заңдарда белгіленген тәртіппен әзiрлеп, бекiтсін және оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсін.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң 1995 жылғы 8 қарашадағы N 1489  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 443-құжат) күшi жойылды деп  танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады