Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі N 443 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 шілде N 1074

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы 659 P990659_ қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-1 жолмен толықтырылсын:
      "205-1 "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ЖАҚ.
      2. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі N 443 P990443_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 14, 136-құжат) күші жойылды деп

 

танылсын.

     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитеті осы қаулыға сәйкес "Азық-түлік келісімшарт

корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы акциялары пакетінің берілуін

қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады