Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 тамыз N 1268. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.23. N 111 қаулысымен. ~P010111

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасында жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру жөніндегі жалпы мемлекеттік іс-шаралардың кешенін жүргізуге жауапты болып айқындалсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті туралы ереже бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасындағы жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыруға байланысты қажетті материалдық-техникалық құралдарды, құжаттамаларды және өзге де мүлікті толық көлемде Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетіне берсін.
      4. Құпия.
      5. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 P990657_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет";
      2) <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 2-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
              1999.11.29. N 1807 қаулысымен. P991807_
      6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекет резервінен сатылатын материалдар мен тауарларға есеп айырысу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 маусымдағы N 726 P940726_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 298-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27

маусымдағы N 726 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 шілдедегі N 
966 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 24-құжат);
     3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі N 465 
 

P970465_

  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 
107-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне 
енгізілген өзгерістердің 3-тармағы.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
  
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                       1999 жылғы "27 "тамыздағы
                                       N 1268 қаулысымен
                                              бекiтiлген
     
     Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
     министрлігінiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi
                         комитетi туралы
                            Ереже
     
                       1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiнде және жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыру саласында атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ осы мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Комитеттiң, егер, оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса,

мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы 
бар.
     4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңда белгiленген 
тәртiппен бұйрықтар шығарады.
     5. Комитет қызметкерлерiнiң штат санының лимитiн Қазақстан 
Республикасының Үкiметi бекiтедi.
     6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
     Қазақстан Республикасы, 47302I, Астана қаласы, Циолковский көшесi, 2.
     7. Комитетінiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика, 
индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер 
жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 
     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана 
жүзеге асырылады.
     Комитетке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау 
тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым 
салынады.
     
      2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi мен функциялары 

     10. Комитеттің негізгi мiндеттерi:
     1) жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыру саласында бiрыңғай саясатты 
әзiрлеу және iске асыру; 
     2) мемлекеттiк материалдық резервтiң жүйесiн қалыптастыру және дамыту;


      3) жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыру саласында, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiнде Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылау болып табылады.
      11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру жөнiндегi, сондай-ақ жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыруға байланысты iс-шараларды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүргiзу жөнiндегi бағдарламалар мен арнайы жоспарларды әзiрлейдi;
      2) жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ экономикалық және техникалық шараларды әзiрлейдi, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының халқын, аумақтарын және экономикасын даярлау және жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы жұмыс жағдайын айқындау жөнiндегi жұмысты үйлестіреді;
      4) Қазақстан Республикасында жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      5) ұйымдардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жұмылдырушылық жоспарларын келiседi;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiнiң пайдаланылуы мен сақталуына басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
      7) мемлекеттiк материалдық және жұмылдырушылық резервтердің материалдық құндылықтарын қалыптастырудың, жинақтаудың және пайдаланудың тәртiбiн, мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен мемлекеттiк материалдық және жұмылдырушылық резервтер материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтаудың нормалары жөнінде ұсыныс әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзедi;
      8) үйлестiрудi жүзеге асырады және өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылайды;
      9) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын аумақтық орналастыруды айқындайды;
      10) ұйымдардың жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резервтi пайдалану жөнiндегi өтiнiмдерiн қарайды, тиiстi қорытынды ұсынады;
      11) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарының көлемi мен қозғалысының жиынтық есебiн жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiленген есептiлiк ұсынады;
      12) өз құзыретiнiң шегiнде жұмылдырушылық дайындыққа, жұмылдыруға, мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiн ұстауға және дамытуға бағытталған мемлекеттiк қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      13) жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
      14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

                   3. Комитеттiң құқықтары

      12. Комитеттiң өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыру бойынша шығыстардың құрылымы жөнiнде, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк материалдық және жұмылдырушылық резервтердiң жүйесiн ұстау және дамыту жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
      2) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      3) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде ұйымдардың жұмылдырушылық дайындығын ұйымдастыруға және басқаруға, жұмылдырушылық мiндеттер мен iс-шараларды орындаудың қажеттi шарттарын айқындауға;
      5) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгiзуге;
      6) жаңарту және ауыстыру тәртiбiмен материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке шығару және беру туралы шешiм қабылдауға;
      7) ұйымдардың жұмылдырушылық дайындық пен жұмылдыруды, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi реттейтін нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
      8) жауапты сақтау пункттерiнде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексеру жүргiзуге және бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын тексерулер жүргiзуге тартуға;
      9) тексерулердiң материалдарын мемлекеттiк материалдық резервтiң

материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртiбiнiң бұзылуына 
кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау 
органдарына жолдауға; 
     10) өз құзыретiнiң шегiнде жұмылдырушылық дайындық және жұмылдыру 
жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудегi, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық 
резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау жөнiндегi жолсыздықтарды жою 
туралы атқару үшiн мiндеттi ұйғарым беруге;
     11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды 
жүзеге асыруға құқығы бар.
     
                   4. Комитеттің мүлкi
     
     13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға 
немесе өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 
     Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке 
билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.
     
            5. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
     


      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
      17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi

және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын 
жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
     18. Комитеттiң төрағасы осы мақсатта:
     1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi 
басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
     2) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады;
     3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ 
Комитеттің қызметкерлерінің атқаруы үшін міндетті нұсқаулар береді;
     4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
     5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
     6) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер 
қабылдайды.
     
          5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
        Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Нарбаев Е.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады