Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 қыркүйек N 1340

      "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші- мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының өзін-өзі қаржыландыруын және мүлкінің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының орталық ауруханасы" мекемесі "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ақмола қаласындағы N 2 ауруханасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының N 2 ауруханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Алматы" санаторийі" мекемесі "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Алматы" клиникалық санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" санаторийі мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" клиникалық санаторийі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының шаруашылық есептегі Базалық дәріханасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Базалық дәріханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары қызметiнiң негізгі нысанасы - денсаулық сақтау саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру деп белгiленсiн.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы - дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен аспаптар дайындау деп белгіленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасының, оны құрылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган деп айқындау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      5. Заңдарда белгіленген тәртiппен уәкiлеттi органға:
      1) құрылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғысын әзiрлеу және бекiту және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз ету;
      2) құрылып жатқан республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады